Спорт

Кәсіпқой боксшылар чемпионаты

Жанат Жақиянов кәсіби бокспен 2007 жылдан бері айналысып келеді. Алда оны осымен боз кілем үстіндегі 18-ші кездесу күтіп тұр. Үш күннен соң өтетін сынға Жанат барынша дайындалуда.

  Жанат Жақиянов, кәсіби бокстан шеберлер арасында Еуропа чемпионы:
– Қазір осы жекпе-жекке жақсылап дайындалдық. Енді осы бойда тек ұту үшін ғана шығамын. Бар күшімді саламын.

Жерлесіміз ринг алаңында барлығы 17 кездесу өткізген. Оның 16-сында сәтті ойын көрсетіп, жеңісті қолдан бермеген. Мұның бәрі жеңіске деген құлшыныс пен жақсы дайындықтың арқасында дейді оның жаттықтырушысы.

  Александр Лебедев, жаттықтырушы:
– Біз Жанатпен 12 жылдан бері жаттығып келеміз. Ол өз алдына мақсат қойғыш және оған жете білетін жігіт. Жарысқа біз дайындықты желтоқсан айынан бастадық.

Жанат Жақиянов бірқатар танымал боксшыларды да тізе бүктірген. 2011 жылы ол швейцарлық Бенджанмин Питтелоуды ойсырата ұтып, Европа чемпионы атанған. Ал бұл жолғы кездесуде спортшы тайландтық Локдиа Тор Буамаспен шаршы алаңға шығады. Қарсылас өте мықты, сондықтан алдағы кездесуге байыпты қарауымыз керек дейді оның промоутері.

  Ерік Жайлауов, «Ulan Boxing» промоутерлік компаниясының директоры:
Бұл кездесу WBC версиясы бойынша Азия чемпионы титулы үшін өтпек. Бұл кәсіби бокстағы ең беделді үлгілердің бірі. Осы сында Жанат жеңіске жетсе, оның рейтингі одан әрі аса түспек.

Өзінің кәсіби тәжірибесінде ол алғаш рет туған өлке топырағында сынға түспек. 27 қаңтар күні өтетін бұл кездесуге Қазақстан мен Ресейдің кәсіби боксшылары жиналады.

Әспет Әбдірешова