Білім

Мемлекеттік тіл сынағы

Бүгінгі алдын-ала сынақты ҚР Білім және ғылым министрлігінің “Ұлттық тестілеу орталығынан” арнайы келген мамандар ұйымдастырды. Мында жиылғандар – «Қазтест» жүйесі ұйымдастырған тестілеуге қатысушылардың екінші легі. Оларға жүктелген міндет – кітапшадағы жиыны 150 сұраққа жауап беру.

Алдымен тыңдаушылар үнтаспадан мәтінді тыңдады.

Мира Сәдуақасова, тестілеуді ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертханасының меңгерушісі:
Жоспар бойынша мында 1000-нан астам адам қатысайын деп отыр. Бұл өте уақтылы және маңызды іс-шара деп ойлаймыз. «Қазтест» жүйесі қазір мемлекеттік бағдарламаның мақсатты индикаторларының бірі болып отыр.  
Дәрісханаға мемлекеттік тілді қарапайым деңгейде үйреніп жүргендер жиылды. Олар үшін «Қазтест» бағдарламасы бойынша арнайы тапсырмалар әзірлеген. Ольга Кокорина қазақ тілін үйрену курсына екі жылдан бері қатысып келеді. Қазақстанда тұрғаннан кейін әрбір адам мемлкеттік тілді білуі керек дейді ол.

  Ольга Кокорина, қалалық ІІБ құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы:
Бүгін «Қазтест» бойынша байқаудан өттім. Тест үш кезеңнен тұрады екен. Бұл біздер үшін, әсіресе, мемлекеттік қызметкерлер үшін өте маңызды деп білеміз.

Барлығы «Қазтест» жүйесі 5 кезеңнен тұрады. Олардың бәрі еуропалық тіл білімінің стандарттарына сәйкес келетіндей етіп жасалған. Біздің облысымыз аталмыш бағдарламаға қатысуға ниет білдірген екінші аймақ. Бұған дейін бағдарлама Өскемен қаласында сынақтан өткізілген.

  Жанат Мұхамеджанов, СҚ мемлекеттік тілді оқыту орталығы директоры:
Бұл тест 23-27 аралығында өтеді. Үш күн бойы біздің Петропавл қаласында, екі күн Қызылжар, Ғ.Мүсірепов, М.Жұмабаев үш ауданында болады. Бұл күні біз байқау ретінде тыңдаушыларымызды психологиялық, моральдық тұрғыдан дайындау ретінде «Қазтест» жүйесін өткізіп жатырмыз.

Тест нәтижесі бойынша қатысушылар әрбір кезеңнің сұрақтарынан 60 пайыз дұрыс жауап беруі керек.

Әспет Әбдірешова