Құқық қорғау органдары

Табиғат қорғау заңнамасын елемегендер жауапқа тартылды

Мәселен, өткен жылы құзырлы орган 34 тексеріс жүргізіп, 546 заңбұзушылық анықтапты. Қоршаған ортаны қорғау саласында олқылықтарға жол берген 41 лауазымды тұлға тәртіптік, ал 241-і әкімшілік жауапқа тартылған. Сондай-ақ сот залында қарастырылған істер де бар.

Болатқан Нұрышкенов – СҚО табиғат қорғау прокуроры:

Соколов мемлекеттік орман мекемесінің директоры мен орманшысына қатысты қылмыстық іс қозғадық. Жуырда сот үкімі шықты. Ол кісілер сотталды. Екіншісі, Артемия Салина деген өзендерімізде жануарлар бар. Соларды заңсыз аулағандарға да қылмыстық іс қозғалды. Мамлют ауданында.

Облыстық табиғат қорғау прокуратурасы тексерістерінің нәтижесінде 12 млн теңге көлемінде мемлекетке келтірілген шығынның орны толтырылыпты. Сондай-ақ табиғат сақшылары заңсыз актілерге қатысты 63 наразылық білдірген.

Болатқан Нұрышкенов – СҚО табиғат қорғау прокуроры:

Оның барлығы жүзеге асырылды. Осы 63 протесттың ішіндегі 23-і әкімшілік соттан өтті. Табиғатқа келтірілген зиян бойынша тексеріс нәтижесінде бюджетке ақша салынды.

Биыл да құзырлы орган жемқорлық мәселесіне баса назар аударып, орман мен жерді пайдалану заңдылығын тексеруді жалғастырмақ.

Инеш Шоқақова