Бизнес және экономика

Ұлттық банктің облыстық филиалына 4 жаңа монета түсті

Тиынның беткі жағына Қазақстан Республикасы және Қазақ КСР елтаңбасы бейнеленген. Ал монетаны аударсаңыз, екінші жағында Социалистік Қазақстанның Орталық Комитетінің бірінші хатшысы Қонаевтың бейнесі көрсетілген.

Ескендір Сүлейменов – «ҚР Ұлттық банкі» ММ СҚФ маманы:

Бұл монета күмістен жасалған. Сапасы 925-сынамамен жасалған. Салмағы – 31,1 грамм. Сату бағасы – 5900 теңге.

Дәл осындай бағамен солтүстікқазақстандықтар «Шығыс күнтізбесі» сериясымен шыққан “Ұлу жылы ” монетасына ие бола алады. Оның шетін айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген. Ал орталық бөлігінде 2012 жыл белгісі ретінде ұлу қойылған.

Ескендір Сүлейменов – «ҚР Ұлттық банкі» ММ СҚФ маманы:

Бұл монета 920-сынамамен жасалған күмістен және оның сату бағасы – 5900 теңге. Сонымен қатар осы «Шығыс күнтізбесі» сериясы монеталарының ұлу жылына арналған алтын монетасы келді. Оның сатылу бағасы – 62700 теңге.

Ал келесі монетаның құны – 9 мың теңге. Ол 2014 жылы өтетін олимпиада ойындарына арналыпты. Монетаның сырт жағының орталық бөлігінде коньки тебушінің жарыс кезіндегі сәті бейнеленген. Жаңа түскен монеталарды солтүстікқазақстандықтар бүгіннен бастап иелене алады.

Әспет Әбдірешова