Әр түрлі

Жаңарған заң

«Ерлі зайыптылық және отбасы туралы» Кодекс 283 баптан тұрса, бүгінде оның 110-ы жаңартылған. Бастысы, кодекс атауында бұрынғы «неке» сөзінің орнына «ерлі-зайыптылық» түсінігі енгізілген.

Олеся Осадчая – СҚО Әділет департаменті азаматтық актілерін тіркеу және аттестациялау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы:

Бұған дейін қолданылып келген «неке» сөзі «ерлі-зайыпты» сөзімен алмастырылды. Бұл атаудың енгізілуі ерлі-зайыптылар қарым-қатынасының маңыздылығын аша түседі.

Сондай-ақ «Патронат отбасы», «тастанды бала», «бас тартылған нәресте», «жетім бала» түсініктеріне жаңа анықтамалар берілді. Әсіресе, бала асырап алушы бола алмайтын тұлғалар тізімі ұзартылып, асырап алу тәртібі құрылымын жүзеге асыру бөлігіне өзгерістер енгізілген.

Олеся Осадчая – СҚО Әділет департаменті азаматтық актілерін тіркеу және аттестациялау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру бөлімінің бастығы:

Тұрақты мекен-жайы жоқ, үш жыл бала тәрбиесімен айналыспаған жалғызбасты ер адамдарға бала асырап алуға рұқсат етілмейді. Егер белгілі тұлға кемінде 3 жыл бала тәрбиесімен айналысқан жағдайда және анасы қайтыс болса, немесе аналық құқығынан шеттелілгенде ғана бала асырап алу құқығына ие болмақ.

Тағы бір жаңашылдық азаматтар республиканың кез-келген нүктесіндегі құзыретті органға некеге тұру туралы өтініштерін бере алады. Ал діни мекемелерде жүзеге асырылған неке заңды деп табылмайды.

Дмитрий Колода – СҚО Әділет департаменті бастығының орынбасары:

Діни орындарда қиылған неке заңды деп есептелмейді. Кодекске сай, әрбір неке заңдастырылған мемлекеттік мекемеде жүзеге асырылуы тиіс.

Тағы бір өзгеріс – алимент төлеу мәселесімен байланысты. Бұған дейін алимент бала 18 жасқа толғанша төленетін. Енді бұл міндет балалары жоғары оқу орнында оқыған жағдайда, 21-жасқа дейін ұзартылды.

«Сурогат» ана түсінігі жаңа кодексте кеңінен қарастырылған. Бұған дейін медициналық мекемелерде жаңа туған нәрестені дүниеге әкелген сурогат анасының атына жазса, енді сәби бірден асырап алушы ата-ананың тегін алады.

Дмитрий Колода – СҚО Әділет департаменті бастығының орынбасары:

20 жастан 35 жасқа дейінгі әйелдер ғана сурогат ана бола алады. Азаматша міндетті түрде денсаулығы мықты, жүйкесі сау болуы қажет.

Брифингте «Нотариат» Заңына енгізілген өзгерістер де айтылды. Жаңа жылдан қызметтің тарифтері өзгерген.

Ирина Сақтағанова – СҚО Әділет департементі құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету жөніндегі бөлімінің бастығы:

ҰОС ардагерлері, І,ІІ топтағы мүгедектер, көпбалалы «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелеріне нотариус тегін қызмет көрсетеді. Сонымен қатар елді-мекен тұрғындары үшін тарифтер 50 пайызға төмен.

Мемлекеттік заңдық актілер мен құжаттарды куәләндыратын мамандардың жұмысында өзгерістер жоқ. Бұл туралы толық ақпаратты ҚР Әділет Министрлігінің сайтынан алуға болады.

Әспет Әбдірешова