Құқық қорғау органдары

Үлескерлерді алдап-соққан кәсіпкер жауапкершілікке тартылды

Жауапкершілікке тартылған «Асылхан Агро» ЖШС-нің жетекшісі Мұхамедқали Ерденов несиені «Агротехника 2030» және «Айқын 2006» серіктестіктеріне алып берген. Ол үшін өзі басқаратын ұйымның 914 қатысушысының жер учаскелерін банкке кепілдікке қойған. Алайда, алдын-ала пай иегерлеріне бұл туралы хабарламапты, есесіне олардың келісімдерін алмаған.

Бұдан өзге, Ерденов 2003-2009 жылдар аралығында «Асылхан Агро» серітестігінің декларациясын толтырған уақытта жалған мәліметтер беріп отырған. Салдарынан бюджет 60 млн теңге салықтан қағылды.

Нұрлан Жахин – СҚО экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы:

Тергеу кезінде қолға алынған шаралардың нәтижесінде пай игерелерінің келтірілген залал 5,3 млрд теңге жерлері қайтару жолымен өтелді. Сондай-ақ, салық тексерісін жүргізу барысында кәсіпкер мемлекеттен жасырып қалған 60 млн теңгені өтеген.

Шал ақын аудандық соты Ерденов кінәлі деген үкім шығарды. Серіктестік басшысына өкілеттелігін теріс пайдаланды және салық төлеуден жалтарды деген айып тағылды. Жаза ретінде бұрынғы басшы 1,2 млн теңге айыбын төлеп, коммерциялық ұйымдарды басқару құқықғынан 2 жылға айырылды.

Гульмира Шоқтыбаева