Салық басқармасы

Кедендік одақ нәтижесін беруде

ҚР аумағына кедендік одаққа мүше елдерден әкелінетін қызмет түрлері мен тауарлар үшін қосымша құн салығын алуды салық органдарының жүзеге асыратыны белгілі. Ол үшін салық кодексінде бекітілген 12 пайыздық мөлшерлеме қолданылады. Кедендік одақта қосымша құн салығын төлеушілер қатарына бірқатар тұлғалар жатады.

Юрий Труш – СҚО бойынша салық департаментінің басқарма бастығы:

ҚР тіркеу есебінде тұрған салық төлеушілер, жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қосымша құн салығын төлеушілер қатарына енеді. Қазіргі таңда бұл тізімге міндетті тіркеуден өткізуді қажет ететін көліктерді ел аумағына әкелетін жеке тұлғалар да ілікті.

Сондай-ақ өткен жылы кедендік одақ аясында жанама салық төлеу 107,1 пайызға орындалыпты. Оның арқасында бюджетке 10 млрд 694 млн теңге түскен. СҚО бойынша салық департаментінде тіркеуде тұрған кедендік одаққа мүше елдерден импортты жүзеге асыратын салық төлеушілердің саны 2010 жылмен салыстырғанда 2 есеге артыпты.

Юрий Труш – СҚО бойынша салық департаментінің басқарма бастығы:

Өткен жылы кедендік одақ елдерінен тауар әкелушілердің саны 769 адамға өсті. Бұл негізен, Беларусь елінен автокөліктерді әкелуші азаматтар санының өсуіне байланысты. Тауар әкелу кезінде жанама салықты төлеу бойынша міндетті құжаттарды ұсынбайтын салық төлеушілер де бар. Оларға қатысты әкімшілік өндіріс толтырылады.

2011 жылы Кедендік одақ аясында тауарларды декларациялау кезінде олқылықтарға жол берген азаматтарға қатысты 94 әкімшілік құжат толтырылыпты.

Инеш Шоқақова