Құқық қорғау органдары

Петропавлдық тәртіп сақшылары алаяқты іздестіруде

Жапа шегушінің айтуынша Алексей тұрақты клиенті болғандықтан, қарызға алған ақшасын қайтаратынына күмәнданбапты. Оқиға орын алған күні тапқыр жолаушы жәбірленушіден қала ішін аралатуын сұрапты. Онымен қоймай, жігіт өзін жол полициясының инспекторы ретінде таныстырған. Мұны ол жүргізушінің сеніміне әбден ену үшін істеген көрінеді. Оның бұл жоспары да іске асқан. Телефонмен сөйлесіп болған соң, алаяқ Петропавлға келе жатқан тауар артылған жүк көлігі үшін ақша төлеу қажет деген сылтау тауып, жүргізушіден 60 мың теңге қарызға сұрапты. Қажетті сома қолына тигеннен кейін, Алексей ізін суытқан. Көп ұзамай тәртіп сақшылары есепте тұрғандардың мәліметтер базасынан ерекше белгілері бойынша күдіктіні тапты. Санын соғып қалған жүргізушісі борышкерді бірден таныпты. Қазіргі уақытта ұрлық үшін бұған дейін де қылмыстық жауапкершілікке тартылған жігітке іздеу жарияланды.

Инеш Шоқақова