ТЖ

Облыста ауаның температурасы -37 С дейін суытады

Ауа райын болжау орталығы алдағы күндері ауаның температурасы -33 градусқа дейін төмендейді деген болжам жасап отыр. Осыған орай, төтенше жағдайлар департаменті хабардар етілген. Бірақ, әзірге қаланың сыртына шықпау туралы шектеу қойылған жоқ.

Асхат Бәкішев – СҚО ТЖД төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімінің бастығы:

Төтенше жағдайлар департаменті құтқару қызметінің әзірліктерін тексеру туралы нұсқау берді. Көмек қажет болған адамдарды жылы жерге орналастырып, қажетті дәрі-дәрімекпен қамтамасыз ету сияқты іс-шаралар кешенін өткізу жүктеледі.

Жол полициясының қызметкерлері де өз кезегінде, жүргізушілерді аязда жолда қалып қоймау үшін сақтандыруда.

Әбілсейіт Жолаушин – СҚО ІІД ЖПБ инспекторы:

Мұндай жағдайлар орын алғанда біз әрқашан көмекке әзірміз. Жолда көліктерді тоқтатып, республикалық маңызы бар жолдарда тоқтап тұрғандар жайлы сұрастырамыз. Сондай-ақ, адамдарды мүмкіндігінше жылы жерге жеткізуге тырысамыз.

Александр Нескоромный жүздеген шақырымдарды артқа тастаған. Алматыдан Мәскеуге бағыт алған ол күтпеген жағдайларға әрқашан дайынмын дейді.

Александр Нескоромный – жүргізуші:

Мен көп жылдан бері көлік жүргіземін. Алайда мұндай жағдайларға тап болып, жолда қалып көрмеппін.

Аязды күндері диспетчерлік қызмет жұмыс істемек. Ол үшін 112 нөміріне хабарласу керек.