Қоғам

Қалада «Крещение» мерекесіне дайындық жүріп жатыр

Есіл өзенінде 3 бірдей ой қазылып жатыр. «Крещение» мейрамында өзен суы аластатылатын болады. 2 мың жылдық тарихы бар діни мейрам күнінде суға түсу күнәлардан арылтып, түрлі дерттерден қорғайды делінеді. Ол күні ерекше қасиетке бөленген барлық су көздері «иордан сулары» деп аталады. Себебі, Иса пайғамбардан бастап, ең алғаш шоқынушылар Иордан өзеніне түсіп күнәдан арылыпты.

Николай Авдеев – Сібір казактары “Горькая линия” ҚБ атаманы:

Біздің қоғам құрылған 90-шы жылдардан бері құдықтарды ойып, оның қабырғаларын қалау жұмыстарын өзіміз атқарып жүрміз. Бүгінге дейін біздің ісімізге шағым жасағандар жоқ. Өйткені бар шаруа дінге берік казактардың қолымен жасалады. Әйел адамдарға құдық үстінен шатыр құрамыз.

Ал санитар мамандар болса, судың үлгілерін алуда. Эпидемиологтар жыл сайынғы сараптама өзеннің түрлі қоздырғыштармен ластанбағанын көрсететінін айтады. Дәл 19 қаңтарда оны ішу қауіпсіз екен. Мұнда жиналатын жамиғаттың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында сақтық шаралары да ұмытылған жоқ. Құтқарушылар, тәртіп сақшылары мен медицина қызметкерлері Есіл бойын күшейтілген режимде күзететін болады.

Сергей Черкасов – СҚО ТЖМ судан құтқару қызметі станциясының бастығы:

19 қаңтарда толық құраммен кезекшілікке шығамыз. Кез-келген төтенше жағдайға 100 пайыз дайынбыз. Арнайы құтқару жабдықтарымен сүңгуірлеріміз де жұмылдырылады.

Мереке күні мұздың үстіне халық көптеп жиналды. Ал оның қалыңдығы болса, 40 сантиметрден аспайды. Үлкен салмақ түссе қалса, мұздың морт сынып кетуі ғажап емес. Сондықтан, құтқарушылар діндарларды сақ болуға шақырады. Сондай-ақ, бұл күні алкаголь өнімдерін ішіп алғандарға, денсаулығы нашар тұрғындарға суға түсуге тыйым салынады.

Жеңіс Ермұқанов