Әр түрлі

Құжаттандыру және құжаттарды басқару саласында өзгерістер мен толықтырулар орын алды

Құпия емес құжаттардың бәрі қағаз бетінде сақталады. Міне, дәл сол мазмұндағы құжаттармен жұмыс істеуде жаңа ережелер енгізіліп отыр. Мысалы, құжат түпнұсқасының көшірме қолхат немесе қол қойылған штампсыз жазылуына жол берілмейді. Құжатта оны толтырушының тегі, аты-жөні, телефон нөмірі мен болған жағдайда, электрондық поштасы жазылуы тиіс. Құжат 12, «Times New Roman» шрифтімен орындалады.

Марина Кочергина – СҚ Мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы:

Бұйрықтар реттелген құжат жылдық күнтізбе тәртібі бойынша нөмірленеді. Реттік нөмірге дефис арқылы л-с және к литерлері жалғанады. Жеке тұлғаның тіркеу нөмірі автордың тегінің бастапқы әріптері мен тіркеуді бақылау үлгісіндегі нөмірінен тұрады.

Сондай-ақ, жеке фирмалар мен кәсіпорындардың іс қағаздарын жүргізу бойынша да нақтыланған жайттар бар. Бұдан былай шағын және орта бизнес субъектілері бұйрықты қазақ, орыс және басқа тілдерде жаза алады. Іс қағаздардың атауының ресімделуіне де өзгерістер енген. Егер бұрын ұйым атауы мен деректері мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқалары бір бетте орналасса, енді мынадай үлгіде толтырылмақ.

Марина Кочергина – СҚ Мемлекеттік мұрағатының мұрағатшысы:

Құжатты толтырғанда оның көлемі 180 беттен аспауы керектігін ескеру қажет. Мұрағатқа тапсырылғанға дейін іс қағаздары бір жыл бойы құжат құрастырылған жерде сақталады.

Құжаттарды мұрағатқа өткізу уақыты да өзгерген. Бұған дейін 15 қарашаға дейін тапсырылса, енді жылдың соңғы айының 10-нан кешікпеуі керек.

Әспет Әбдірешова