Құқық қорғау органдары

Темір жолды белгіленбеген жерде кесіп өту қауіпті!

2012 жыл 32 жасар қала тұрғыны үшін қайғылы басталды. Көңілді мерекелік отырыстан кейін ол темір жол нысанының астымен өтпек болғанда аяғы тайып кеткен. Қатты мертіккен петропавлдық аяқ қолдарынан айрылып, қазір жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Ерлан Тасымов – Петропавл станциясының ЖІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы:

Ішімдік ішкен жапа шегуші темір жолдан өту барысында қауіпсіздік шараларын сақтамаған. Дәл маңында өткел бола тұра, ол вагонның астымен жүріп, жолды қысқартпаққа әрекет еткен. Белгіленбеген жерден темір жолды кесіп өту көп жағдайда соқпақты аяқталып жатады.

Өткен жылы жолын қысқартамын деп асыққан 2 адам поезд астына түсіп өмірімен қоштасқан. 11 жерлесіміз түрлі дене жарақаттарын алыпты. Осыған орай желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлері алдын-алу шараларын күшейте түсті.

Ерлан Тасымов – Петропавл станциясының ЖІІБ қоғамдық қауіпсіздік бөлімшесінің бастығы:

Қаңтардың 9 мен 11 аралығында толық құрамда вокзал, станция аумағы мен темір жол маңындағы үйлерді аралап түсіндіру шараларын жүргіздік. Екі күннің ішінде 34 адамға әкімшілік хаттама толтырылды. Дені – темір жолды белгіленбеген жерден кесіп өткендер.

Әсіресе, желілік ішкі істер бөлімінің қызметкерлерін аса қауіпті шойын жол аумағында жасөспірімдердің қараусыз жүретіндігі алаңдатып отыр. Шара барысында кәмелет жасына жетпеген Смирнов станциясының тұрғынынан суық қару тәркіленген. Аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Жеңіс Ермұқанов