Мәдениет

Жас суретшілерге арналған шеберлік сыныбы

 

Мына балалар енді өмірдегі тамаша сәттерді фотоаппараттың көмегімен қалай мәңгілікке сақтап қалуға болатынын біледі. Алматыда өткен шеберлік сыныбында болып қайтқан жеткіншектерге фотоөнердің негізгі теорияларын тыңдау ғана емес, сондай-ақ әсем табиғат аясында оны өз қолдарымен сынап көру мүмкіндігі туған. Барлығы семинарға бейнелеу өнері лицейінің 13 оқушысы қатысты.

Тамила Искакова – бейнелеу өнері лицейінің оқушысы, ЮНЕСКО клубы:

Біз топпен Алматыға келгенде өте қызықты болды. Басқа қалалардан көп адамдар келді. Бізге «Фотоөнер» деген тақырыпта лекция оқыды

Бір аптаға созылған семинар фотосуреттерден сыр шерткенмен, өнердің басқа да танымал бағыттарына айырықша көңіл бөлінген. Мысалы, онда оқушылар суретті түрлендірудің жаңа үлгісіне айналған боди-арт тәсілімен танысыпты. Тіпті жас суретшілер әйгілі Пабло Пикассо туындылары кейіпкерлерінің бейнесіне ену сынынан өткен. Биыл қылқалам шеберінің туғанына 130 жыл толып отыр. Балалардың айтуына қарағанда, олардың түсірген суреттері мен атақты испан шеберінің туындыларында айтарлықтай ұқсастықтар болған.

Александра Волвенко – бейнелеу өнері лицейінің оқушысы, ЮНЕСКО клубы:

Маған бұл сапарда бізді алып жүрген түсіндіуші-шеберлер көп көмектесті. Олар маған суретке қалай түсу керектігін, сондай-ақ, бет-әлпетімізді қалай өзгерту жөнінде түрлі кеңестер берді.

Мына кадрлар «Су асты әлемі» мультфильмінен алынған. Оны да шеберлік сыныбына қатысушылар әзірлепті. Жас жеткіншектерге мультипликацияның қыр-сыры төңірегінде «Мульт» анимациялық студиясының жетекшісі Константин Барковец әңгімелеген. Оқушылар өз кезегінде кейіпкерлерін қағаздан қиып, олардың әрбір қиымылын суретке түсіріпті. Нәтижесінде әбден жетілген кәсіби шығарма дүниеге келген.

Алена Жукова – бейнелеу өнері лицейінің оқушысы, ЮНЕСКО клубы:

Барлығы бір-біріне ұқсамайтын 11-12 сюжет болды. Олардың бәрінің бояуы қанық. Шебер оның бәрін қосқанда тамаша мультфильм пайда болды.

Тағы бір жаңашыл бағыттардың бірі – құммен сурет салу. Бейнелеу өнерінің бұл түрі тек оқушылардың ғана емес, мұғалімдердің де қызығушылын тудырған.

Ольга Кириенко – бейнелеу өнері лицейінің оқытушысы

Біздің қалада мен мұндайды кездестірмеппін. Сурет салуды біле тұра, бұл бізге қиынға соқты. Өйткені құммен жұмыс істегенде бірден сурет салынуы керек.

Алдағы уақытта жеткіншектер жаңа тәжірибелерімен бейнелеу өнері лицейінің өзге оқушыларымен бөлісуді көздеп отыр.

Әспет Әбдірешова