Қоғам

Сайлаушылар бейбітшілік, тұрақтылық және болашақ үшін дауыс беруде

 

 

 

 № 749 сайлау учаскесінде ел өміріндегі қоғамдық-саяси маңызға ие оқиғаға соңғы дайындық жасалуда. Сайлауға сақадай сай комиссия мүшелері мемлекеттік әнұран шырқалған соң, ресми түрде өз жұмысына кірісті.

Қарлығаш Ибраева азаматтық борышын орындауға алғашқылардың бірі болып келді. Сайлаудың маңыздылығын түсінген ол өзінің бекітілген учаскесіне таң сәріден жол тартыпты.

  Қарлығаш Ибраева, № 26 орта мектеп қызметкері:
– Ерте ояндым. Бұл күн өте маңызды. Ел ертеңі үшін дауыс бердім.

Бұл күннің Талант Тасболатовтың ерекше есінде қалары анық. № 1 кәсіптік лицейдің студенті сайлауға тұңғыш рет қатысуда. Бұл үшін оған сайлау комиссиясының төрайымы азын-аулақ сыйлық тарту етті.

  Талант Тасболатов,  № 1 кәсіптік лицей студенті:
Мен бірінші рет қатыстым.Өте қобалжулы күн. Есімде қалады.

Сайлауда аға буын өкілдері де аса белсенділік танытты. Жас ұрпақтың жарқын болашағы үшін дауыс берген педагогикалық еңбек ардагері Ботагөз Қарманова  өз таңдауына сенімді.

  Ботагөз Қарманова,  педагогикалық еңбек ардагері:
Бұл өте маңызды күн. Мен педагогика саласында жылдар бойы еңбек еткендіктен жас ұрпақтың тәрбиесіне ерекше көңіл бөлемін. Солардың болашағы үшін дауыс бердім.

Жерлестеріміз бұл сайлаудың ел үшін тың өзгерістер әкелеріне сенімді. Қазақстан патриоттары партиясы облыстық филиалының жетекшісі Темірхан Жақсылықов та осындай пікірде.

  Темірхан Жақсылықов,  СҚО бойынша ҚПП филиалының жетекшісі:
Бүгін сайлау өтуде. Бәріміз келіп, дауыс беруге тиіспіз.

Таңғы сағат 7 жарымға дейін сайлау учаскесіне 80-нен астам азамат келіп, өз таңдауларын жасап үлгерді. Бұл жерде барлығы 1977 сайлаушы дауыс береді деп күтілуде.

  Сәуле Тұрсынова,  № 749 сайлау комиссиясының төрайымы:
Азаматтар өте белсенді. Алғашқы 1 сағат ішінде 10 пайызы дауыс берді.

Сондай-ақ № 26 орта мектепте тағы бір сайлау учаскесі жұмыс істеді. Бұл жерде  879 сайлаушы өз таңдауларын жасамақ. Байқаушылар сайлау комиссиясының жұмысы барлық талаптарға сай жүргізілуде дейді.

  Талғат Смағұлов,  “Республикалық тәуелсіз байқаушылар жүйесі” ҚҚ байқаушысы:
Азаматтар өте белсенді. Мен бірінші рет байқаушы болып отырмын. Бәрі ойдағыдай өтуде.

Бұл күні сайлаушылар үшін шағын сауда-саттық ұйымдастыру да назардан тыс қалмапты.

Инеш Шоқақова