Қоғам

Сайлау барысын 40-тан астам байқаушы қадағалады

 

№ 725 сайлау учаскесінде 1713 азамат  тіркелген.  8 сағат ішінде бұл жерде сайлаушылардың  60 пайызы қалаған үміткерлеріне дауыс беріп үлгерді.  Өз таңдауларын жасау үшін сайлау учаскесіне Бақытжан Басыбаев жанұясымен бірге келіпті. Сайлау – ел үшін елеулі оқиғалардың бірі. Сондықтан оған қатысуға біз де міндеттіміз дейді отағасы.

  Бақытжан Басыбаев, сайлаушы:
Мен отбасыммен, қызым, балам, келіншегім бәріміз келдік. Бірге келіп дауыс беріп отырмыз.

Түстен кейін сайлаушылардың қатары сирегенімен учаскеде жұмыс қызу жүргізілуде. Сағат 16-ға  дейін №725  сайлау учаскесінде тіркелген тұрғындардың 60 пайызы өз таңдауларын жасаған. Бұл жерде барлығы 1713 азамат дауыс бермек.

Андрей Сапрыкин,  № 725 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы:
– Учаскеде 8 сайлау кабинасы орнатылған.
Сайлаушылар өте белсенді. Өз таңдауын жасағандар арасында 2 тұрғын тұңғыш рет дауыс берді. Учаскеміздегі азаматтық борышын орындаған сайлаушылар саны 100 пайызға жететініне сенімдіміз.

Азаматтық борышын орындауға келген сайлаушылар аса жауапкершілік танытып, сайлау комиссиясы мүшелерінің ақпаратын мұқият тыңдауда. Өз үміткерлерін таңдап, сайлау бюллетеньдерін белгілеген уақытта өте ұқыпты болған абзал, өйткені әр дауыс  маңызды дейді олар.

Мен бүгін еліміздің болашағы үшін дауыс бердім. Сайлауға талай рет қатысқанмын. Көңіл-күйім көтеріңкі. Бұл күнді асыға күттім десем де болады.
Мен өзімнің азаматтық борышымды орындау үшін сайлауға қатысып отырмын. Өз таңдауымды жасауға әрдайым ерекше жауапкершілікпен қараймын. Оның дұрыстығына сенімдімін.

Сондай-ақ учаскедегі дауыс беру барысы байқаушылар назарында.ТМД елдерінің атынан Омбы облысынан келген байқаушылар делегациясының жетекшісі Владимир Трушков таң атқалы сайлау учаскелерін аралауда. Бұл шетелдік байқаушы назарына іліккен 9-шы учаске.

  Владимир Трушков, ТМД елдерінің атынан Омбы облысынан келген байқаушылар делегациясының жетекшісі:
Біздің делегациямыздың құрамында 10 адам бар. Оның 8-і аудандар мен шалғай ауылдардағы сайлау барысымен танысуда. Сайлау учаскелерінде сайлаушылар үшін барлық жағдайлар жасалған. Сайлау комиссиясының жұмысына байқаушылардың тарапынан шағым түскен жоқ.

Инеш Шоқақова