Қоғам

Байқаушылардың пікірінше, сайлау заңға сәйкес өтіп жатыр

 

 

 № 726 сайлау  учаске бойынша барлығы1596 тұрғын тіркелген. Сайлаушылар таңғы жетіден бері өз белсенділіктерін танытуда. Сағат 12-ге дейін барлығы мұнда 560 азамат келіп өз дауыстарын берген.

Маңызды саяси науқанға атсалысу біз үшін өте маңызды дейді ерлі-зайыпты Асхат пен Алмагүл Зайкиндер. Ел ертеңі үшін әрбір сайлаушының дауысы қажет. Сондықтан таңертеңнен қимылдадық дейді.

Асхат Зайкин:
Сайлауда дауыс беруді өзіме жүктелген азаматтық парыз деп білемін. Біз дауысымызды Қазақстанды дамытып, одан әрі гүлдендіретін кандидаттар үшін бердік.

Барлығы бұл сайлау учаскесінде 1596 тұрғын тіркелген. Дауыс беруге келгендерге тиісті бюллетеньдерді тарату жұмысын 5 адам атқарып отыр.

  Галина Дьякова,  № 726 сайлау комиссиясының төрайымы:
дамдар үлкен белсенділік танытып жатыр. Дәл қазірге дейін сайлаушылардың 40 пайызы өз дауыстарын беріп үлгерді.  

№ 726 сайлау учаскесінде 7 байқаушы жұмыс істеді. Олар заң бұзушылықтардың тіркелмегенін айтады.

  Дәурен Мұратбеков,  ҚКХП байқаушысы:
Таң атқаннан бері сайлау заң бойынша өтіп жатыр. Ешқандай қателіктер кеткен жоқ.

Әдеттегідей сайлауда аға буын өкілдері аса белсенді болды. Олар елдің болашағына бей-жай қарай алмаймыз дейді. Сондықтан өз таңдауларын жасауға асыққан.

  Нұрсұлу Ғаббасова, зейнеткер:
Бүгінгі күн өте маңызды күн. Еліміз үшін, халқымыз үшін. Осы сайлауға келгенім – балаларым үшін, балаларымның болашағы, немерелерім үшін.

№ 726 сайлау учакесіндегі дауыс берушілердің қарқыны осылай жалғасатын болса, комиссия мүшелері негізгі жұмыстарды сағат 5 кезінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Әспет Әбдірешова