Құрылыс

«Қазақша википедия»

«Қазақша Википедия» жобасын құрушылардың көздегені – қазақ тілін дамыту, оның әлеуметтік рөлін нығайту. Жоба идеясының беріктігі, қазақ тілінің болашағы, оның заманауи ақпараттық ортаға сіңісіп кетуіне байланысты. Бұл жобаның іске асуының арқасында қазақ тілі «Википедиядағы» тілдер рейтінгісінде 125-орыннан 38-орынға дейін көтеріліпті.   Осындай Игі бастаманы солтүстікқазақстандықтар да қолдап отыр. Өткен жылдың желтоқсан айынан 1200 мақаланың тізімі құрылыпты.

Бүгінгі күні мамандар бұл мақалаларды электрондық нұсқаға көшірумен айналысуда

Әсел Бимаханова, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы:
Бүгінгі күні біз география мен топонимикаға қатысты мәліметтерді дайындап жатырмыз.  Біз «Асыл мұра» орталығынан,  сосын тарихи-өлкетану мұражайынан, мұрағаттан әр түрлі деректемелер мен мәліметтер алдық. Соның негізінде мақалалардың мәтіндерін дайындап жатырмыз.

Қазіргі таңда тілдерді дамыту басқармасының мамандары 1000 мақаланың электрондық нұсқасын әзірлеп қойыпты. Алдағы уақытта да «Қазақша википедияны» құнды мағлұматтармен толықтыруды көздеп отыр.

Әсел Бимаханова, облыстық тілдерді дамыту басқармасының бас маманы:
-Көбірек мақалалардың жобасын дайындауға тырысамыз. Сонымен қатар бүкіл солтүстікқазақстандықтар осы жобаны дайындауға үлесін қосса жақсы болар еді.  

Жалпы «Википедия» 281 тілде жұмыс істейді. Онда 20 мыңнан аса мақалалар топтастырылған.

 Айдана Демесінова