Бизнес және экономика

Ауылдағы әмбебап дүкен

 

 

 

Азық-түлік, тұрмыстық тауарлар мен киім-кешек. Мұның бәрін тимирязевтықтар бір дүкеннен алу мүмкіндігіне ие. 16 желтоқсан күні ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Тимирязев селосында «Ғалия» дүкені ашылған болатын. Кәсіпорынның жұмысын бастау үшін Тұрсын Бегенова 3 млн теңгедей қаражат жұмсапты.

Тұрсын Бегенова, «Ғалия» дүкенінің директоры:
Дүкенді салуға 1 жарым жылдай уақыт жұмсалды. Нәтижесіне көңіліміз толады. Мен 1993 жылдан бастап кәсіпкерлікпен айналысамын. Қазіргі уақытта өз кәсібін ашамын деушілерге мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. Бұл бағытта бірталай бағдарламалар қолға алынған.

Қазіргі уақытта дүкенде 5 қызметкер еңбектенуде. Юлия Солодухина жаңа дүкен ашылғаннан бастап  жұмысқа кіріскендердің бірі. Сатушы жұмыс жағдайы мен уақыты қолайлы дейді.

  Юлия Солодухина, «Ғалия» дүкенінің сатушысы:
Дүкеннің іші таза, жылы, жалақымыз да жаман емес. Сондай-ақ жұмыс уақыты қолайлы. Мен кішкентай балаларыма қарауға да, жұмысыма да үлгерудемін.

Қызмет көрсету сапасы, тауардың сан түрлілігі мен қол жетімділігі тұрғындардың көңілінен шыққан.

  Иван Ханов:

Дүкеннің ашылғанына қуаныштымыз. Тауарлардың бағасы қолжетімді. Жиі келіп тұрамыз.
Гүлнар Төлебаева
:
Мұнда бәрі жақсы. Жиі келіп тұрамыз.

“Ғалия” дүкені Тәуелсіздік күні Тимирязев ауданының орталығында ашылған жалғыз нысан емес. 16 желтоқсанда «Садықов» жеке кәсіпкерлігінің ет дүкені қолданысқа берілген болатын. Кәсіпкер Жамал Садықов дүкен ғимаратын өз қаражатына тұрғызыпты. Тимирязевтықтар мұнда еттің барлық түрін сатып ала алады. Жалпы өткен жылы Тимирязев селосында 18 өндірістік және әлеуметтік-мәдени нысан тұрғындар игілігіне тапсырылыпты.

Инеш Шоқақова