Спорт

Заманауи спорт алаңы

 

 

 

Тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға жұмылдыру үшін елімізде типтік көпфункциялы 50 спорт алаңының құрылысы бойынша бағдарлама қолға алынған болатын. Қазіргі таңда заманауи спорт кешендері Астана, Павлодар, Шымкент және Алматы қалаларында салыныпты. Ал өңірімізде жаңа спорттық қондырғыларды орнату үшін № 7 орта мектеп таңдалып отыр.  

Нұржан Әшімбетов, Петропавл қаласының әкімі:
– Бұл жобаға «ҚазТрансОйл» ҰҚ қаржылық қолдау көрсетті. № 7 мектеп 2007 жылдан бері 2 тілде оқыту жүргізеді. Ал 2013 жылы 30 жылдық мерейтойын атап өтпек. Спорттық салада да жеткен жетістіктері аз емес. Мектепте республикалық және халықаралық деңгейдегі жарыстардың 15 жүлдегері мен жеңімпазы білім алады. Сондықтан таңдау тегіннен жасалған жоқ.

Спорт кешенінің құны – 37 млн теңге. Бір ерекшелігі – қондырғы оқушыларды жыл бойы қуантпақ. Жаз мезгілінде баскетбол, волейбол және шағын футбол ойнаса, қыста хоккей мен спорттық сырғанауға  арналған көрінеді. Аталмыш жобамен танысқан оқушылар мен ата-аналар бұл жаңашылдық уақытты пайдалы әрі көңілді өткізуге септеседім дейді.

Әлібек Бекенов:

-Мен волейболмен айналысамын. Осындай алаңның ашылатынына қуаныштымын.
Ғалия Түкенова:
– Менің немерем осы мектепте оқиды. Сабақ үлгерімі жақсы. Сенбі спортпен шұғылдануға да жағдай жасалатындығы қуантады.

Спорттық қондырғының құрылысы көктемде басталып, шілденің басында оқушылар игілігіне тапсырылады деп жоспарлануда.

Татьяна Анцибор, №7 орта мектептің директоры:
– Биыл мұндай типтік көпфункциялы спорт алаңдарын еліміздің 6 қаласында салу жоспарланып отыр. Оның ішінде біздің қаламыздың бар екендігі қуантады. Біздің мектебіміз Петропавлдың спорттық өмірінің орталығына айналады деп сенеміз.

Бұқаралық спортты дамыту үшін облыс орталығында 351 спорттық қондырғы орнатылыпты. Әсіресе, жастар арасында салауатты өмір салтын насихатауға баса назар аударылуда.

Инеш Шоқақова