Балалар

Студент жастар тұрғындарды сайлаудан шет қалмауға шақырды

 

 

 
Қала жұртшылығын сайлауға шақырған жастар тобы орталық  алаңда  бұл саяси науқанның маңызын түсіндіріп, дауыс беру тәртібімен таныстырды.  Оларға алғаш кездескен қала тұрғыны Ләззат Болатбаева  алдағы сайлауда елдің болашағы үшін дауыс беремін дейді

 

Ләззат Болатбаева:

-Мен зейнеткермін, тұрмысымыз жақсы, бәрі жеткілікті. Мен елімізде тұрақтылықтың, бейбітшіліктің сақталғанын қалаймын.  Таңертең жетіде №1 мектептегі сайлау учаскесіне барып, дауыс беремін.  
 
Ал М.Қозыбаев атындағы  СҚМУ студенті Гаухар Тілеубаева сайлауға алғаш рет қатысқалы отыр.  

Гаухар Т
ілеубаева, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:

-Қазақстанның өркендеуі үшін әр тұрғын сайлауға қатысып, дауыс беруі керек деп ойлаймын. Сондықтан біз бүгін осылайша орталық көшеге шығып, сайлауға шақырудамыз.

Шараға қатысушы жастар еліміздің әр азаматының дауысы маңызды екеніне сенімді.  

Бұл әр азаматтың азаматтық парызы, сондықтан біз сайлауға қатысуымыз керек. Әр адамның пікірі маңызды.
Қазір Қазақстанда жастарға, білім беру саласын дамытуға  көп көңіл бөлінеді. Соның нәтижесінде мен СҚМУ-да  оқып жүрмін. Мен алған біліміммен  елімізді одан әрі дамытуға үлес қосамын. Сайлау күні міндетті түрде дауыс беремін.

Үгіт шарасына қатысушылар бұл жолы 600-ге жуық үнпарақ таратты.