Қоғам

“Нұр Отан” ХДП өкілдерінің Тимирязев ауданы тұрғындарымен кездесуі

Облыстық филармонияның шығармашылық ұжымы әзірлеген ән-шашу – тимирязевтықтар үшін сайлау алдындағы үлкен сый болды. Ел өміріндегі қоғамдық-саяси маңызға ие оқиға қарсаңында солтүстікқазақстандықтардың көңіл-күйі көтеріңкі. Олар өз таңдауларына сенімді. Бастысы – елдегі бірлікті сақтап, тәуелсіздігімізді баянды ету дейді тұрғындар.

Жәнібек Жолдыбайұлы, Тимирязев қазақ мектеп- интернатының тарих пәні мұғалімі:
– 15 қаңтар күні маңызды оқиға болмақ. Еліміздің одан әрі дамып, өркендеуі үшін дауыс беруіміз тиіс.

Қазіргі таңда Тимирязев ауданынан 31 азамат депутаттыққа ұсынылған. Оның екеуі – облыстық, өзгелері аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар. Мемлекет тарапынан экономика және әлеуметтік салаларды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Бұл жайында ауыл тұрғындарымен кездескен “Нұр Отан” ХДП өкілдері сөз қозғады. Ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет пен білім беру жүйесі жыл санап өркендеуде дейді партия өкілдері. Өткен жылдың нәтижесімен Тимирязев ауданы да мақтана алады. Екі онжылдықтың ішінде экономиканың барлық саласында оң өзгерістерге қол жеткізуге әрбір қазақстандықтың өз үлесін қосқаны анық. Мұны тимирязевтықтар жақсы түсінеді. Сондықтан 15 қаңтар күні сайлауға барып, қалаған үміткерге дауыс беруде аға буын өкілдерімен қатар өскелең ұрпақ та белсенділік танытпақ.

Наурызгүл Тоқтамыс, Тимирязев қазақ мектеп- интернатының оқушысы:
– Сайлауға қатысуға тиіспіз. Еліміз үшін елеулі күні баршамыз белсенділік танытуымыз  керек.
Руслан Көшеров, «Солтүстік байлық» ЖШС бас агрономы:
– Біз бейбітшілік пен келісім орнаған мемлекетте өмір сүреміз. Мұны сақтап қалу баршамыздың парызымыз. Сондық 15 қаңтар күні сайлауға қатысу азаматтақ борышымыз деп ойлаймын.

15 қаңтарда Тимирязев ауданында 26 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Оларда 9000-нан астам солтүстікқазақстандық өз үміткерлерінің жеңіске жетуі үшін дауыс бермек.

Инеш Шоқақова