Ауыл шаруашылығы

Мемлекет шаруалардан астық сатып алуды жалғастыруда

Өткен жылы облыстық азық-түлік келісімшарт корпорациясы көктемгі-жазғы жұмыстар кезінде алдын ала 25 мың теңгеден 16 мың тонна бидай сатып алған болатын. Мұндай баға агроқұрылым өкілдеріне өз міндеттемелерін уақтылы жауып, ауыл шаруашылығы техникасын жаңартып, табыс табуға мүмкіндік берді. Оның үстіне, былтыр мол астықтың шығуына байланысты ел үкіметі 5 млн тонна бидай сатып алуды тапсырған-ды. Квотаның бір бөлігі өңір шаруаларына беріліп отыр.

Есжан Оразалин, “Азық-түлік келісім-шарт” ҰК” АҚ СҚОФ директоры:
-Бұл агроқұрылым өкілдеріне жасалған үлкен қолдау. 1 тоннасының бағасы 25 мың теңге. Ал қосымша құн салығын төлемейтіндер үшін 22 321 теңгені құрап отыр. Өңірге 1 млн 450 мың тонна квота бөлінсе, оның 1 млн 270 мыңы сатып алынды.

Бидай сатып алу әлі де жалғасып жатыр. Бұдан өзге, 16 500 теңгеден қосымша 1 млн тонна бидай қабылдау туралы шешім шықты. Несиелік қаржыларға келсек, бұл қызметке жүгінген жерлестеріміз берешектерін толық өтеген.

Есжан Оразалин, директор СКОФ АО “НК”Продкорпорация”:
-Елбасы қолдауының арқасында 2011 жылы ауыл шарушаылығы тауарын өндірушілеріне «Қазагро» және «Азық-түлік Келісім-шарт» корпорациясы арқылы көктемгі егіс жұмыстарына қаржылай қолдау көрсетілді. Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы берген кепілдік арқылы оларға 4 млрд 200 млн теңге бөлінді. Көктемгі-жазғы жұмыстарды несиелендіруге 2 млрд 800 млн теңге қарастырылды.

Сондай-ақ, компания өтініш түсіруге қажетті құжаттар тапсыру үрдісін біршама жеңілдеткен. Енді  7 құжат тапсыру жеткілікті. Бұған дейін шаруалардан  комиссияға бұдан 2 есе артық құжат тапсыру талап етілетін.  

 Гүлмира Шоқтыбаева