Аптадағы маңызды жаңалықтар

«Нұр Отанды» қолдаушылар форумы

 

 

Бүгін 3000-нан астам облыс тұрғыны сайлауда «Нұр Отан» партиясын қолдауға жиналды. Кең көлемде ұйымдастырылған форум өнеркәсіп пен бюджеттік сала қызметкерлерін, қоғам өкілдерін, жастар ұйымдарын, спортшылар мен ардагерлердің басын қосты.

Болат Сағындықов, облыстық ардагерлер кеңесі жанындағы ақсақалдар алқасының төрағасы:
– «Нұр Отан» партиясына 15 қаңтар күні бір адамдай келіп, біздің облыс жұртшылығы дауыс береді деп сенемін.
«Нұр Отан» партиясы – еліміздегі ең халықтық партия. Сөзі менен ісі қабысып, берген уәдесін орындайтын партия.

Жиылғандар «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасымен танысты. Әлеуметтік саланы қолдауға қатысты саяси ұйым өкілдерінің жоспарларын тыңдады.

Қайрат Пішенбаев, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, партияның облыстық сайлауалды штабының төрағасы:
Елбасының сындарлы саясатының арқасында Қазақстан бүгінде тұрақты әрі дамыған, қарқынды, алға қадам басып келе жатқан мемлекет. Біз нұротандықтар Елбасының сенімді тірегіміз.  


Білім беруді сапалы ету – мемлекетіміз үшін маңызды. Форумға қатысқан осы саланың өкілдері «Нұр Отан» партиясы ұсынған бағдарламада жас ұрпақтың тәрбиесіне үлкен мән берілген дейді.

Бақыт Нұрғалиева, № 9 орта мектеп жанындағы шағын орталық тәрбиешісі:
«Нұр Отан» партиясының білім саласында атқарған жұмыстары көп. 15 қаңтар күні мен өз дауысымды «Нұр Отан» партиясына беремін.

Бүгінде елімізде 130-дан астам ұлт өкілі өзара ынтымақтастықта өмір сүруде. Бейбітшілік пен келісім – көпұлтты Қазақстанның басты жетістігі.

Виталий Матвеев, Ақжар ауданының славян этномәдени бірлестігінің мүшесі:
Мен орыс славян ұлтының өкілі ретінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі ретінде бүкіл жастарды сайлауға шақырамын.Өйткені Қазақстанның болашағы біздің қолымызда.

ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс және түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы – ел өміріндегі маңызды оқиға. Елінің тағдырына бейжай қарамайтын әрбір азамат бұл күні сайлау учаскелеріне барып, өз дауыстарын бермек.

Солтүстікқазақстандықтардың барлығын 15 қаңтар күні сайлауға шақырамын.
Сайлауға міндетті түрде барамыз. Еліміздің шешімін күтіп тұрған нәрсеге азаматтық түрде атсалысамыз.

Форум соңы концертке ұласты. Сахнада отан, туған жер тақырыбындағы әсем әуендер шырқалды.

Әспет Әбдірешова