Қоғам

Коммунистердің сайлауалды үгіт шарасы

 

Қазақстан коммунистік халық партиясының облыстық филиалынан Парламент Мәжілісіне бір үміткер, ал мәслихаттарға үш кандидат ұсынылған. Олар бүгінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, халықты сайлауалды тұғырнамаларымен таныстырып жатыр.

Дәукен Темірбаев, Қазақстан коммунистік халық партиясы облыстық филиалының бірінші хатшысы:
-Сайлауға жақсы көңіл-күймен әзірленіп жатырмыз. Барлығы тиісті деңгейде өтеді деген үміттеміз. Дамудың жаңа кезеңіне қадам басқан уақытта бұл сайлаудың еліміз үшін маңызы артып отыр. Мұны ел халқы түсініп, отанымыздың тағдырына бейжай қарамай он бесі сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасайды деп сенеміз.

Қаңтардың он бесі Соколов ауылының 1800 тұрғыны сайлауға қатысып, өз дауыстарын береді. Ауылдықтар еліміз үшін аса маңызды саяси науқаннан шет қалмай, ел болашағы, ұрпақ келешегі үшін өз таңдауларын жасауға дайын.

Гүлнаш Белгібаева, Соколов орта мектебінің мұғалімі:
-Мен қаңтардың он бесі сайлауға қатысып, өз дауысымды беруге дайынмын. Таңдауымды жасап та қойдым. Еліміздің болашағы, балаларымыздың болашағы үшін – менің екі балам бар – солардың келешегі үшін дауысымды беремін.

Ауылда құрылған сайлау учаскелері бүгінде маңызды науқанға дайын.

Айымгүл Әбілева