Қоғам

Сайлау комиссиялары науқанға әзір

Жиында қаралған бірінші мәселе Есіл және Айыртау аудандарындағы сайлау учаскелерінің маңызды шараға әзірлігі. Есіл ауданындағы сайлаушылардың саны 20 мыңға жуық адам. Олар аудандағы 48 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Ол үшін мұндағы сайлау орындары қажетті жабдықтармен қамтылған. Жалпы аудандағы дауыс беру орындарында 126 арнайы кабинка қойылды.

Елена Степаненко, Есіл аудандық сайлау комиссиясының төрайымы:
– 48 сайлау учаскесінде ұйымдастыру шаралары өткізілді. Яғни комиссияның жұмыс жоспары бекітілді, комиссия мүшелерінің кезекшілік тізімі шығып, олардың міндеттері айқындалды. Сондай-ақ ҚР сайлау туралы заң бойынша дәрістер оқылды  

Айыртау ауданындағы дауыс беру орындары да сайлау науқанына сақадай сай. Мұнда 25 мыңға жуық азамат өз таңдауын жасауы тиіс. Ауданда жауапты шараны өткізу уақытында 91 сайлау комиссиясы жұмыс істемек.
Жиылғандарды тыңдап болған облыстық сайлау комиссиясының төрағасы өз ұсыныстарын білдірді.

Асқар Сақыпкереев, Солтүстік Қазақстан облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:
-Негізгі комиссия отырған жерде кем дегенде 5 адам өз міндетін атқаруы тиіс. Бұл белгілі бір шешім қабылдау үшін маңызды. Өзге округке бір жұмыстарды тындыру үшін 2-ақ адамды жібере аласыздар.

Сондай-ақ басқосуда қауіпсіздік шаралары да сөз болды.

Айдана Демесінова