Қоғам

Қызылжар ауданы сайлауға дайын

 


Ел өміріндегі маңызды науқанға өңіріміздің әр ауданында қызу дайындық жүргізілуде. Сайлауда Қызылжар ауданынан 47 үміткер бәсеге түсетін болады. 40 азамат аудандық, ал жетеуі облыстық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлер. Олардың әрқайсысы ауылдың өмірін жақсартып, өздері меңгерген салаларды дамытуды өз бағдарламаларына арқау етіп отыр.

Геннадий Зенченко, облыстық мәслихат депутаттығына үміткер:
– Әрбір азаматты еліміздің болашағы алаңдатады деп ойлаймын. Сондықтан барша солтүстікқазақстандықтарды 15 қаңтар күні сайлауға келіп, өз таңдауларын жасауға шақырамын. Бұл еліміз үшін өте маңызды оқиғалардың бірі болмақ.

Сайлаудағы ең басты мәселелердің бірі – тұрғындардың белсенділігі. Сондықтан бұл күні өнер ұжымдары да бескөлдіктерді маңызды науқаннан шет қалмауға шақырды. Тұрғындар да сайлаудың нәтижесі әр азаматтың берген дауысына байланысты екенін түсінеді.

 Орал Жанатов, Қызылжар аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы:
– Алдымыздағы сайлау науқаны болашаққа жоспар құратын, соны айқындайтын күндердің бірі. Сондықтан бұл күнге әр азамат қатысуға міндетті деп ойлаймын.  

Қызылжар ауданында барлығы 69 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Олар 15 қаңтар күніне жоспарланған сайлауға толықтай әзір.

 Инеш Шоқақова