Құқық қорғау органдары

Қазақстан Республикасы Ішкі әскерінің құрылғанына 20 жыл

 

Ел тәуелсіздігін жариялаған соң, көп ұзамай, Елбасы ҚР Ішкі істер министрлігіне қарасты ішкі әскерді құру туралы жарлыққа қол қойған болатын. Сондықтан 20 жасаған егемен елдің ішкі әскері де көп ұзамай жиырма жылдық мерейтойын атап өтуде.  Әскерилерді облыс әкімі Серік Біләлов құттықтады. 20 жылда республикамыздың ішкі әскері даму және қалыптасу жолын бастан кешірді. Әскер құрамы білікті де, білімді жауынгерлерден жасақталған. Дайындықтары да жоғары деңгейде. Ерен еңбек, көзсіз ерлік елеусіз қалмайды. Сондықтан, мерекеде, ерекше марапатқа ие болып, есімдері аталғандар көп болды. Әскерилерге құрмет грамоталары, алғыс хаттар, дипломдар мен сыйақылар тапсырылды.  Бірқатар азаматтар Ішкі әскердің құрылуына 20 жыл белгісімен марапатталды. Алғашқысын 6637 әскери бөлімінің командирі өңір басшысына тапсырды. 1992 жылғы қаңтардың 10-ында мемлекет басшысы ішкі әскер туралы жарыққа қол қойса, сол жылдың  23 маусымында ішкі әскер туралы заң қабылданды. Сол уақытта бері  қатарластарымыз жеке тұлғаның, қоғам мен мемлекетіміздің тұрақтылығын қамтасыз етуге үлестерін қосуда. 20 жылда ішкі әскер дамып, түледі. Жауынгерлердің шеберлігі артты. Елімізден өзге, ішкі әскер офицерлері Таулы Қарабақ, Азербайжан Республикасында, Ош, Өзен, Жалалабад қалаларындағы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге де ат салысты. 20 жыл бойы тыныштық күзетінде тұрған қатардағы сарбаздан генералға дейінгі ішкі әскердің әр жауынгерінің жеткен жетістігі молынан. 1997 жылдан облыс орталығында ішкі әскердің әскери институты жұмыс істейді. Бұл өңірдегі офицерлерді дайындайтын бірден бір білім ордасы.

Жұмабек Ахметов, ҚР ІІМ ІӘ әскери институтының бастығы:
– Ішкі іскер ел тәуелсіздігімен бірге есейді. 21-ғасырға аяқ басқан әскерлеріміз еліміздің сенімді қорғанысы бола білді. Білікті қолбасшылар мен тәжірибелі офицерлер үлесін қосты. Әскеріміз нығайып, әлеуеті артып келеді. Мемлекеттік тыныштығымызды сақтап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде.  

20 жылдыққа орай бірқатар офицерлерге кезекті йық белгілері тағайындалды. Бұл саланың ардагерлеріне де қошемет көрсетілді. Ішкі әскер қатарында 15 жыл қызмет етіп жүрген Дмитрий Гареев диплом мен ақшалай марапатқа ие болды. Кинологиялық қызметтің басшысы ел игілігі жолында алдағы уақытта да талмай еңбек ететін айтады.

Дмитрий Гареев:

 -Алдағы уақытта да қоғамдық қауіпсіздікті сақтау жолында аянбай қызмет етеміз. Ел азаматтарының алаңсыз, қорықпай емін-еркін өмір сүруі үшін қолдағыны аямаймыз.  
 
Салтанатты шара жергілікті көркемөнерпаздар ұсынған концертке ұласты.

Гүлмира Шоқтыбаева