Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңір басшысының Есіл ауданына жұмыс сапары

 

 

Тура бір жыл бұрын Ирландия мен Германия елдерінен торпақтар  жеткізілген болатын. Аймақ басшысы Есіл ауданындағы “Азия-Торанғұл” серіктестігінде бағып-күтіліп жатқан шетелдік асыл тұқымды зеңгі баба төлдеріне жасалып жатқан жағдайлармен танысты. Бүгінде солтүстіктің қатал табиғатына әбден биімделіп алған тайыншалардың орташа салмағы 3 центнерге жеткен. Жақсы күтімнің арқасында бұл ангус және герефорд тұқымдас етті бағыттағы сиырлар 700 келіге дейін салмақ қосатын көрінеді. Ол үшін шаруашылықтың игілігінде жем-азық егетін 944 Га жері бар. Жоғары өнімді қара мал қыстап шығатын 3 қора салынған. Қазір тағы үшеуінің құрылысы жүріп жатыр. Оның бірі жас төлдерді жетілдіруге арналлмақ. Мал фермасындағы 400 бастың шекара асуы үшін серіктестік басшысы Петр Гольцер “ҚазАгроФинанс” АҚ арқылы лизингке қаржы алыпты.

 Петр Гольцлер, “Азия-Торанғұл” ЖШС директоры:

– Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін 205 млн. теңгенін лизингі берілді. Өзім Ирландия мен Германияға барып, герефорд, ангус тұқымдастарын таңдап әкелдім. Болашақта еттімал санын 1,5 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Оның үштен бірі аналық сиырлар болады. Өстіп асылдандырылған малдың басын арттыраттын боламыз.  

Сондай-ақ шаруашылықта қазақтың ақ бас мұқыл сиырлары мен жылқы, шошқа өсіріледі.
Есіл ауданының Спасов ауылдық округіне қарасты Тауағаш елді мекеніндегі мектептің іргесі қаланғанына 40 жылдан асыпты. Күрделі жөндеу көрмеген ғимарат әбден ескірген. Келесі оқу жылынан мұндағы оқушылар дәл іргесінде салынып жатқан заманауи білім ошағында тәлім алатын болады. Құрылыс басында болған өңір жетекшісі Серік Біләлов атқарылып жатқан жұмыстармен танысты. Жоба құны 313 млн. теңге. Бүгінде мердігер “Ақниет Астана АБС” ЖШС нысанның 60 пайызын тұрғызыпты. Алғашқы қабат аяқталып екіншісіне көшкен.

Нұрлан Мұқатаев, “Ақниет Астана АБС” ЖШС бас директоры:
– Жоба екі жылда тындырылуы тиіс. Нысанды 2012 жылдың 1-ші қыркүйегінде тапсыруымыз керек. Алайда біз құрылыс жұмыстарын 1 ай бұрын аяқтауды көздеп отырмыз. Құрылыс материалдары мен техника жеткілікті. Жұмыс қолы да бар. Аязды күндері шаруа тоқтап қалмасын деп арнайы химиялық қоспаларды пайдаланып жатырмыз. Қажетті жиһаз, қондырғыларды орнатуға да уақыт керек.

90 орынға шақталған мектептің барлық сыртқы коммуналдық, инженерлік желілері толықтай тартылып қойылыпты.

 Жеңіс Ермұқанов