Қоғам

«Нұр Отан» партиясы филиалының үгіт тобы қала тұрғындарымен кездесті

 

 

 

 Саяси ұйым өкілдері 15-қаңтарда өтетін науқанның маңыздылығын айтып, өңір тұрғындарын бір адамдай сайлауға қатысуға шақырды.

Айзада Рахметова, М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенті:
– 15 қаңтар күні сайлау болады. Мен барлық жастарды осы сайлауға шақырып, Қазақстан үшін ғана емес, өзіміздің болашақ үшін, жастардың болашағы үшін дауыс беруге шақырамын.

Кездесуге қатысушылар саяси партияның атынан қалалық және облыстық мәслихаттарға депутаттыққа үміткерлердің бағдарламаларымен танысып, сұрақтарын қойды.

Зәуре Қартова, “Нұр Отан” ХДП СҚОФ ақпараттық-үгіт тобының мүшесі:
– Бұл кездесуде біз өзіміздің ХДП сайлау алдындағы платформасымен, сайлау алдындағы негізгі бағдарламасымен таныстыру – негізгі мақсатымыз. Бүгінгі таңда солтүстікқазақстандықтар осы сайлауға өз белсенділіктерін танытып, өз таңдауын жасайды деп үміт білдіремін.

Жиынды өткізушілер сайлау күні әркімнің болашақ үшін өз таңдауларын жасайтынына сенімді.

Әспет Әбдірешова