Қоғам

Аққайың ауданы маңызды науқанға әзір

 

 

Аққайың ауданынан облыстық мәслихат депутаттығына 3 солтүстікқазақстандық ұсынылмақ. Олардың бірі – «Нұр Отан» ХДП мүшесі Болат Уәлиев. Үміткердің сенімді тұлғасы Татьяна Борисова аққайыңдықтарды кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, маңызды науқаннан шет қалмауға шақырды.

 Татьяна Борисова, Аққайың ауданының құрметті азаматы:
– Аладғы жексенбі күні барша қазақстандықтар үшін елеулі күн болмақ. Біздің міндетіміз – осы күні сайлау учаскелеріне барып, өз кандидатымызға дауыс беру.  

Ардагерлер мен аудан белсенділері сайлауға жұртшылық аса үлкен жауапкершілікпен қарап, еліміздің әр азаматы үшін маңыздылығын түсінсе дейді.

 Валерий Риде, «Нұр Отан» ХДП Аққайың аудандық филиалы төрағасының орынбасары:
– Мұндай кездесулерді ұйымдастыру өте маңызды. Өйткені тұрғындар осындай жиындарда үміткерлердің бағдарламаларымен жіті таныса алады. Мен біздің ауданымыз сайлауда белсенділік танытады деп ойлаймын.  

Бұл күні сахнада шырқалған әндердің бәрі патриоттық сезімге толы. Осылайша, өнер ұжымдары да солтүстікқазақстандықтарды сайлауға қатысуға үндеп отыр. Тұрғындар ел болашағы үшін сайлауға міндетті түрде бару қажет деген пікірде.

Аққыз Тәжібаева, Аққайың аудандық мәдениет үйінің қызметкері:
– Баршамыз сайлауға баруымыз қажет. Мен де осы маңызды науқаннан шет қалмақ емеспін.

Аққайың ауданында барлығы 36 сайлау учаскесі құрылыпты. Оларда 15 мыңнан астам солтүстікқазақстандық дауыс береді деп күтілуде.

 Инеш Шоқақова