Спорт

Қысқы демалыс

 

 

Дәстүрлі халықаралық турнир жергілікті екі құрамамен қатар, Қостанай және Ресейдің Омбы, Қорған қалаларының жас аяқ доп шеберлерін жиды. 4 күн бойы үлкен футбол талаптары бойынша ала допты қуалаған сайыскерлер шеңберлік айналымда күш сынасты.

 Александр Гаузер, бас төреші:
– Бұл жарыс жеткіншектердің әуесқойлығын шыңдап, жастарды спортқа шақыру мақсатында ұйымдастырылады. Дәл осы жарыстан Женя Аверченко, Сергей Скорых, Юрий Чухлеба сынды ел чемпионаттарында жұлдыздай жарқырап жүрген футболшылар шықты. Сондықтан додаға сайланып келгендерге турнирдің берері көп.  

Қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушілері бұл жолы үздіктердің қатарына іліге алмады. Десе де қысқы демалыстарын сүйікті ойын барысында қызықты әрі тиімді өткізе алды. Өзге қалалардағы қатарластарының футбол ойнау әдісін танып, шеберлік алмасып қалды.

 Александр Стеников, Петропавл қалалық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі:
– Менің бұл турнирге алғаш қатысуым. Мол сабақ болды. Қарсыластың шама-шарқын білдік. Жақсылап дайындалыпты. Олқылықтарымызды түзеп, келесі жолы жеңіс тұғырына көтерілуге тырысамыз.  

Жарыс қорытындысы бойынша Қорған және Омбы  қалаларынан келген қонақтар  үшінші-екінші орындарды бөлісті. Ал бас жүлде атына заты сай жергілікті “Жеңіс” құрамасының еншісінде.

Жеңіс Ермұқанов