ТЖ

Құтқарушыларға автокөліктер табыс етілді

 

 

Қаныбек Үкенов 12 жыл қатарынан құтқарушылар қатарында аянбай еңбектеніп келеді. Бүгін бірінші өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісіне жаңа техниканың бірін басқару тапсырылды. АНР-2 көлігі де өңірімізге алғаш рет әкелінді. Ол өрт сорғыш станциясы және жең автокөлігінің қызметтерін атқарады екен. Қаныбек Үкенов осындай автоматтандырылған темір тұлпарлар уақытты үнемдейтіндігін алға тартып отыр.

Қаныбек Үкенов, №1 өрт сөндіру бөлімінің аға жүргізушісі:
-Бүгін келіп жатқан техника жақсы. 2 көліктің қызметін атқарады. Су сорып алыс қашықтыққа береді. Өте қуаныштымыз. Жүруге, жұмыс істеуге ыңғайлы.

Ағымдағы жылы Төтенше жағдайлар министрлігі 116 өрт сөндіру техникасын сатып алған екен. Оның 10-ы біздің облысымызға бұйырған. Екі су жаңа көлік Жамбыл және Қызылжар аудандарына аттандырылмақ.

Ерік Мәжитов, СҚО ТЖД “Өрт сөндіру қызметі мен апаттық құтқару жұмыстары” ММ басқарма бастығы:
– Бізде ондай болған емес, өрт сөндіру көліктері, яғни 6-8 тонналық су апаратын көліктер. Сонымен қатар келген автокөліктердің бірі ол автосаты, 30 метрлік 9 этажға дейін жетуге. Соның ішінде тағы да авариялық құтқару жұмыстарын өткізетін автокөлік. Ол көліктерде күрделі құрал-саймандар бар.  

Жалпы соңғы 5 жылда өңірімізге 44 автокөлік әкелінген екен.

Айдана Демесінова