Қоғам

«Ақ жолдың» сайлауалды үгіт науқаны

 

 

 

Сайлауға санаулы күндер қалды. “Ақ жол ” демократиялық партиясы маңызды науқан қарсаңында петропавлдықтармен жүздесіп, өздерінің бағдарламаларымен таныстырды.

Талғат Ерғалиев, «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігінің төрағасы:
– Президентімізді қолдап, көппартиялы Парламентке дауыс берейік. Тек көппартиялы Парламент қана өзіміздің қателіктерімізді айтып, халқымызды өрлете аламыз.

Ақжолдықтардың  үгіт тобы бұған дейін бірқатар өңірлерді аралаған.

Александр Самойлов, Петропавл теміржол көлігі колледжінің оқытушысы:
– Әрбір қазақстандық сайлауда белсенділік танытуы тиіс деп ойлаймын. Қандай партияға дауыс бергеніміз маңызды емес, басты еліміздің болашағы үшін дауыс беруіміз қажет.

«Ақ жол» партиясының СҚО филиалы атынан облыстық және қалалық мәслихатқа депутаттыққа 3 үміткер тіркелген.

 Инеш Шоқақова