Білім

Білімді ұрпақ тәрбиелеу – басты мақсат

 

 

Жас ұрпаққа сапалы білім беруде дарынды балаларға мамандырылған қазақ-түрік мектеп-лицейінің орны бөлек. Облыстық, республикалық тіпті халықаралық деңгейдегі білім сайыстарында оқу ордасының тәрбиеленушілері үнемі алдыңғы қатарда. Бүгінде мұнда 222 оқушы білім алуда.

Ахмет Гази Чолак, облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының директоры:
– Лицейдің жалпы бағыты – техникалық пәндерді ағылшын тілінде оқыту. Әсіресе Елбасының алға қойған мақсаты үш тілде білім беру, кейбір техникалық пәндерді шет тілінде оқыту деген мақсат қойды. Біздің лицейіміз 4 тілде білім беріп жатыр. Тағы да бір жаңалық – былтырдан бері Оксфорд университетімен келісімшарттар жасалды. Оксфорд университетінің кітаптары, емтихандары лицейде жүрігізіліп жатыр.

Білім ордасында пәнаралық олимпиадаларға қатысып, мектеп атын асқақтатып жүрген дарынды оқушылар аз емес. Солардың бірі – Дәурен Серкешов. Биыл мектепті тәмамдағылы отырған түлек болашағынан үлкен үміт күттіреді.

Дәурен Серкешов, облыстық дарынды балаларға мамандандырылған қазақ-түрік мектеп-лицей-интернатының оқушысы:
-Сапалы білім алу үшін біздің лицейде барлық жағдай жасалған.  

 

ҰБТ нәтижесі бойынша аталмыш оқу орны облыстағы үздіктердің бірі. Өткен жыл қорытындысында орташа есеппен 114,7 ұпай нәтиже көрсеткен.

Өткен жылы лицей алғашқы түлектерін шығарған. Білім ошағын тәмәмдаған 75 оқушының 60-ы мемлекеттік грантқа ие болса, соның ішінде 7-уі шетелдерде мамандық меңгеруде. Мұғалімдер бұл балалардың болашақтарынан зор үміт күтеді.

Әспет Әбдірешова