Мәдениет

Рождество мейрамы

 

 

 

Осы күні Вознесение господне шіркеуінің төрінде  бұдан бірнеше ғасыр бұрын Вифлеемде болған оқиға көрініс тапқан. Қойшылардың үңгірінде құдай баласы Иса жарық дүние есігін ашқан. Күні бүгінге дейін дәл осы уақытта барша православие сеніміндегілер Рождество мерекесін атап өтеді.

Епископ Гурий, Петропавл-Булаев епархиясының епископы:
– Құдай баласы құпия түрде өмірге келген. Бұл оқиға жайында оның ата-анасы мен сол үңгірге қойларын қамаған қойшылар ғана білген. Және құдай баласының жарық дүниеге келгені жайлы шығыстың ғалымдары болжаған. Олар Вефлеем жұлдызына бағыт алып, жаңа туған нәрестеге сый-жоралғыларын әкелген.
 
Епископ Гурий де Рождество мерекесінде барлық діндестерін   мерекелік литургияға қатысуға шақырады. Құдайға құлшылық ету, қаңтардың 6-сында кешкі 21-де басталып кетеді.  Қала тұрғындары   да Исаның туған күніне қызу дайындық үстінде.

– Бұл жай ғана мереке емес, бұл – құтқарушының өмірге келген күні. Рождество мерекесімен өмірімізге барлық жақсылық келгендей болады. Сондықтан, осы күні ата-аналар шіркеуге балаларын ала келгендері дұрыс болады. Бұл бүлдіршіндердің де мерекесі.
– Рождество мерекесі баршамыз үшін жарқын мереке. Жылдағы ең шуақты, нұрлы күн саналады. Рождество күніне үлкен дайындықпен келеміз, храмда құдайға құлшылық етеміз, туған-туыстарымызды еске аламыз.
 
Православие күнтізбесінде Рождество ерекше салтанатты күн,  Пасха мейрамынан кейінгі ұлы мереке саналады. Сондықтан,  христиандар  бұл күні жаратушыға жалбарынып, тәні мен жанын тазартады.  

Гүлмира Шоқтыбаева