Өнеркәсіп

Өндірісі өрге басқан кәсіпорын

 

 

Бұрғылап тесу, фрезамен өңдеу және қашап тегістеу функцияларын орындайтын құрал Петропавл ауыр машина жасау зауытында жуырда пайда болған екен. Жалпы бұл зауыт лизинг бойынша соңғы 3 жылда  58 техника сатып алған.

Константин Ефремов, “Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ өндіріс цехы бастығының орынбасары:
-Жуырда құны 750 млн теңге болатын 22 заманауи техника сатып алдық. Бұл өндіріс көлемін арттыруға септесетініне сенімдімін .

Бағдарламалық басқару станогының тілін жетік меңгергендердің бірі – Дмитрий Цыганов.
Оның әкесі Петропавл ауыр машина жасау зауытында жұмыс істеген. Әкесінің жолын қуған азаматтың бұл өндіріс ошағында еңбек етіп жүргеніне 13 жыл болды.

 Дмитрий Цыганов, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ жұмысшысы:
-Жұмысқа қажетті барлық жабдықты бізге береді. Жыл сайын кәсіби шеберлігімізді арттырамыз. Жұмысшыларды сергіту үшін де бар жағдай жасалуда. Жиі-жиі спорттық шаралар ұйымдастырылып тұрады. Спорт залымыз бар. Біз де өндірісті ұлғайту үшін аянбай еңбек етеміз.  

Кәсіпорындағылар жаңа құрылғылардың еңбек өнімділігін арттырып, сапаны арттыруға септескеніне көз жеткізді. Өйткені Петропал ауыр машина жасау зауыты үшін өткен 2011 жыл табысты болды. Жалпы өнімділік 10 пайызға өсіп, 3,1 млрд теңгені құрады. Алдағы жылы зауыт басшылығы бұл көрсеткішті 4,8 млрд тенгеге дейін жеткізуді көздеп отыр.

Қуаныш Бишімов, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» АҚ бас директоры:
-2012 жылда осы көрсеткіштерді 2 есе көтереміз деген ой бар бізде. Ол үшін бізде 2011 жылдан бастап, 2012 жылға келісімдеріміз бар. 1 млрд теңгеден астам контракт. Соның барлығын орындаймыз. Сонымен қатар темір жол жағынан да  ойларымыз бар. 

Бүгінде зауытта 1200 адам еңбек етеді. Соңғы кездері ұжым жас мамандармен толығуда. Бұл ретте Ресейдің Омбы, Томск қалаларында кәсіпорынның тапсырысымен 20-ға жуық студент мамандық меңгеруде.

Айдана Демесінова