Мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы табысты жүзеге асырылуда

Аптадағы маңызды жаңалықтар

18:10 6 Қаңтар 2012

“Леонов Я. П.” шаруа қожалығында 200-ден астам ауылдықты тұрақты табыс көзімен қамтыған егін және мал шаруашылығы  бар. Оның 50-і сүт фермасын дамытуға тартылыпты. Тоқжан Сейпиева сауу қондырғысының операторы. 3 баланың жалғызбасты анасы шаруашылық құрылған 99 жылдан мұнда жұмыс жасап келеді.

 Тоқжан Сейпиева, сауу қондырғысының операторы:
-Ай сайынғы уақытымен берілетін жалақым жаман емес. Табысым балаларымды өсіруге әбден жетеді. Кішкентайларымның болашағын ойлап, жұмысымды тастағым келмейді. Үлкен қызым медицина колледжінде оқиды. Жұмыс орным таза, еш қиындығы жоқ. өзіме ұнайды. Ұжымымыз да жақсы, бір-бірімізді қолдап тұрамыз.

Вера Гайнц та еңбек өтілін сауыншыдан бастап бүгінде бригадир қызметінде жүр. Кешендегі 300 бас сиырды оның қол астындағы 3 сауыншы ғана сауады екен. Шетелдік аппарат орнатылған фермада бір мезетте 24 зеңгі баба төлі сауылады. Айналмалы заманауи құрылғы толықтай автоматтандырылған.

 Вера Гайнц, бригадир:
– Бұрын сауын аппараттары болғанымен шелектеп тасып әуре болатынбыз. Бүгінде жаңа құрылғының қызығын көрудеміз. Жұмысымыз бірден жеңілдеді. Қазір бар бітіретін ісіміз қондырғыны әрбір сиырға жалғау ғана. Өзгесі басқыштардың көмегімен атқарылады.

Сауылған сүт бірден арнайы тазалағыш құбырмен сүзіліп  салқындатқыш бөшкеге жеткізіледі. Өстіп тәулігіне 2,5 мың тонна сүт өндіріледі екен. Негізінен бұл жерде жергілікті асылдандырылған 400 бас ала сиырлар өсірілуде, олар еркін жетілу үшін байлаусыз қойылған. Ерекше күтімді қажет ететін бұл малдардың өнімділігін арттыру үшін жем-азық базасының маңызы зор.  Жалпы кешен 700 бас қара малды бағып-күтуге  лайықталған. Тайыншалардың қыстап шығатын екі бірдей қорасы мен ветеринарлық бақылау орны салынған. Зеңгі баба төлдері қолдан ұрықтандырылады. Бір база төлдеуге арналған. Бұл жерде бұзаулар жетілгенше күтіп бағылады. Қарыштап дамыған шаруашылық басшысы Яков Леонов барлық жетістіктерін мемлекеттің қолдауымен байланыстырады. Бейбітшілік пен достық мықтап орныққан елде кәсіп жасауға барлық мүмкіндік бар дейді.

Яков Леонов, “Леонов Я. П.” ЖҚ директоры:
-Үдемелі индустриялық даму бағдарламасы аясында бізге 45 млн теңгеден артық субсидия бөлінді. Оған біз 2010 жылы 350 орынға шақталған қораны салып, заманауи құрылғылар алдық. Былтыр дәл сондай базаны іске қостық. Біз шетелдегі мал шаруашылықтарын аралап, ұтымды тұстарын өзімізде ендірдік. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін жол ашық. Үкімет тарапынан үлкен қолдау жасалады. Бізден қажеті тек аянбай еңбек ету.

Әкесі Павел Леонов бастағын тың істі іліп әкеткен ұлы биыл шаруашылықты кеңейтуді жоспарлап отыр.

 Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Кейбір отбасылар әлі күнге дейін АӘК-ге қол жеткізе алмай жүр
Көлік салығына қатысты сұрақтар талқыланды
Университеттің статусы өзгерді
“Якорь құс фабрикасы” серіктестігінде жаңа корпус іске қосылды
Омбыда өткен ынтымақтастық форумының нәтижелері
СҚО-да әлеуметтік нан қымбаттамайды
19 қазан – Құтқарушылар күні
Тұрғындардан мекенжай анықтамасы талап етілмейтін болады
“Nur Otan” партиясы фракциясының отырысы өтті
Бұлақ ауылындағы экологиялық жағдай
Энергетиктер SMS-хабарлама жүйесін енгізбек
Ботаникалық бақ жөнделіп жатыр