Спорт

Денсаулық фестиваліне әзірлік

 

 

 

Салауатты өмір салтын ұстанатындар сенбі күні өтетін денсаулық фестивалінде бас қоспақ. Шараны ұйымдастырушылар бағдарламаның ауқымды болатынын айтады. Қала тұрғындары мен қонақтары қысқы спорт түрлерінен күштерін сынау мүмкіндігіне ие болады.

Асылбек Тоқбаев, қалалық спорт және дене тәрбиесі бөлімінің бастығы:
Арқан тартудан, гір көтеруден, армреслингтен сайыс ұйымдастырылады. «Көңілді старт»,  «Папа, мама және мен»  жарысын өткіземіз. Коньки, шана жалға беріледі.

Ал сайыс жеңімпаздары сыйлықтарға ие болмақ. Сонымен қатар бұл күні фестивальге қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылады деп жоспарланған. Облыс орталығының шығармашылық ұжымдары ән айтып, би билеп, мерекені қыздыра түспек. Бұл жерде тұрғындар үшін сауда-саттық та жасалады. Айтқандай, «Денсаулық фестивалі» тәуелсіздік саябағында алғаш рет өткізілмек.

Аян Садаев, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы:
-Қала тұрғындарын қысқы спорт түрлерімен шұғылдануға баулу үшін денсаулық фестивалін ұйымдастырып отырмыз. Жұртшылықты фестивальге қатысуға шақырамыз.

Қаңтардың жетісі сағат он екіде өтетін денсаулық фестиваліне кез келген адам қатыса алады.

 Айымгүл Әбілева