Құқық қорғау органдары

Жалған арыз жазған қыз айыппұл төлейтін болды

 

 

 

Қаңтардың бірі күні Петропавл қалалық ІІБ-не 20 жасар бойжеткеннен арыз түскен. Азаматша өзін Павел есімді жігіттің жәбірлегенін айтқан. Тәртіп сақшылары түскен арыз бойынша бірден іске кірісіп, күдіктіні тергеуге алған. Алайда тексеру жұмыстары көрсеткендей, ешқандай зорлық фактілері анықталмапты. Жедел қызметкерлердің айтуынша, екі жас әлеуметтік желі арқылы танысып, ұялы телефон номерлерімен алмасқан. Осылайша екі ай бойы достық қарым-қатынаста араласып тұрған. Жаңа жылды бірге қарсы алмақ болған екеуі сол түні көңіл қосқан. Ал екінші күні жас қыз жігіттің оған тиісті көңіл бөлмегеніне ренжіп, өш алмақ ниетпен полицияға арыз жазған. Тергеу жұмыстары барысында арызданушы өтірік айтқанын мойындап, сот-медициналық сараптамадан өтуден бас тартты. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, осыған ұқсас оқиғалар жиі кездеседі.

Қанат Қасенов, СҚО ІІД аға инспекторы:
– Өткен жылы петропавлдық тәртіп сақшылары арнайы қызметтерді жалған шақыру бабы бойынша 895 азаматты жауапқа тартты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған жоқ. Алайда арызданушы әкімшілік жауапқа тартылып, оған 7630 теңге көлемінде  айыппұл салынды.

Әспет Әбдірешова