Ауыл шаруашылығы

Төл алу науқаны басталды

 

 

“СБИ –Агро-Ташкентка” ЖШС симментал тұқымдас 520 бас ірі қара бар. Олардың дені Германиядан жеткізілген. Етті бағыттағы ірі қара аз уақыт ішінде тез өсуімен және жоғары өнімділігімен ерекшеленеді екен. Қысқы аяздарға да барынша шыдамды.

Қадарма Ашамаев,  «СБИ-Агро- Ташкентка» ЖШС іс басқарушысының орынбасары:
– Күйлері жаман емес. Тамақтарын беріп жатырмыз. 2 жылдық жемазық жинап қойғанбыз.  Сауатын орын істеп жатырмыз. Осы айдың аяғында аяқтаймыз.

Самархан Оспановтың серіктестікте жұмыс істей бастағанына 5 ай болыпты. Осы уақыт аралығында шетелдік ірі қараны күтіп-баптауды үйренген. Мұның еш қиындығы жоқ дейді ол. Тек төлдерге уақытында қажетті жем-азығын беру керек.

Самархан Оспанов, «СБИ-Агро- Ташкентка» ЖШС жұмысшысы:
– Күніне 3 мезгіл  азығы беріледі. Жаңа техника, материалдар бәрі жаңа. Бізге де мамандықтар көп. Жатақхана бар, күніне 4 мезгіл тамақтанамыз.  Жалақы ойдағыдай.

Өңірімізге жаз ортасында жеткізілген ірі қара төлдей бастапты. Кешендегілер наурыз айына дейін тағы да 400-ге жуық сиыр бұзаулайды деп отыр.

  Нұрымбет Бекмағамбетов, «СБИ-Агро- Ташкентка» ЖШС зоотехнигі:
– 70-сі бұзаулады. Енді қалғанын 3 айдың ішінде аламыз деп отырмыз. Әлі 400 бас шамамен.  

Асыл тұқымды тайыншалар мал шаруашылығын дамыту жөніндегі  мемлекеттік бағдарлама  аясында сатып алыныпты.

Инеш Шоқақова