Ауа райы

“Егемен Қазақстан” енді Петропавлда басылады

 

Таңғы 6-ға дейін басылып шыққан   “Егемен Қазақстан” газетінің жаңа саны көп ұзамай жергілікті оқырманның қолына түседі. Республикалық   газеттің бүгінгі 3-ші саны “Ізгілікті істің іздері” мақаласымен ашылыпты. Ендігі кезекте, облыс тұрғындарына ел мен жаһан жаңалықтары “Егемен Қазақстан” газетімен күнделікті жетіп тұрмақ. Өйткені газет қаланың өзінде басылып, таратылады. Тендерді  жергілікті “Полиграфия” АҚ ұтып алған.

Өмір Есқали, “Егемен Қазақстан” газетінің облыстағы меншікті тілшісі:
-«Егемен Қазақстан» газетінің 1-ші саны шығып отыр. Бұрын бір күн кешігіп келетін. 2003 жылмен салыстырсақ,  оның тиражы 2279-дан 7 мың данаға дейін жетті. Бұл орайда, Серік Біләловтың қамқорлығын атап өтуге болады.  

Бұған дейін Жамбыл ауданына газет аптасына 3 мәрте жеткізіліпті. Аудандық “Ауыл арайы” және “Сельская новь” газеттерінің редакторы Әсет Мұстафин – басылымның күнделікті шығып тұруы оқырмандар санын  арттыра түседі дейді.

 Әсет Мұстафин, “Ауыл арайы”, “Сельская новь” газеттерінің редакторы:
– Бізге «Егемен» 3-4 күннен соң жететін. Енді шыққан күні, әрі кеткенде ертеңіне алатын боламыз

Биыл шыға бастағанына 93 жыл болатын  басылымның тиражы 170 мыңнан асып жығылады. Ал бідің облыста оны 7 мыңға тарта жерлесіміз жаздырып алып жүр. Өткені басылым еліміздің әр ауылына күнделікті ақпарат жеткізумен қоса, жас ұрпақ үшін тәрбиелік мәні зор газетке айналған.

Таңат Сүгірбаев, “Асыл мұра” орталығының жетекшісі:
-Еліміздің бас газеті өзіміздің жергілікті жерде шығып жатыр. «Егемен Қазақстан» газеті еліміздің айнасы іспетті. Барлық жаңалықтарды көреміз. Оның үстіне бұл газеттің тәлім-тәрбиелік мәні орасан.  

Бүгінгі таңда «Полиграфия» АҚ-да  өңірлік 19 газет жарық көреді. Баспа машинасының аптасына 5 мәрте «Егемен Қазақстанды» да шағыратындай қуаты бар. Сондықтан газет басшылығы да, облыстық баспахана да жаңа жылдан басталған әріптестіктің ұзақ болатынына сенімді. Өз кезегінде газетті жергілікті жерде басу алдағы уақытта оның құнын төмендетуге әсер етпек.

Гүлмира Шоқтыбаева