Облыстық ауруханадағы өзгерістер

Денсаулық сақтау

14:43 5 Қаңтар 2012

2011 жылы облыстық аурухананы қаржыландыру 26 пайызға өсіпті. Дәрігерлердің орташа жалақысы 160 мың теңгеден астам болса, мейірбикелердің орташа еңбек ақысы 75 мың теңгені құрады. Мұнда эндоскопиялық ота жасау үшін бар жағдай жасалған. Емдеу мекемесінің қаражатына 27 құрылғы сатып алыныпты. Өткен жылдан бастап облыстық ауруханада амбулаториялық хирургия қызметі жұмыс істейді.

 Юрий Белоног, облыстық аурухананың бас дәрігері:
– Бұрын шағын ота жасау үшін азаматтарды 5-10 күнге ауруханаға жатқызатынбыз. Қазір бұған бір күн ғана кетеді. Өткен жылы 500-ден астам ота сәтті жасалды.

Облыстық ауруханада 13 клиникалық бөлімше жұмыс істейді. Анестезиология және реанимация бөлімшесі  8 орынға шақталған. Мұнда үнемі қадағалау мен емделуді қажет ететін азаматтар түседі.

Сергей Герасимов, облыстық аурухананың анестезиология және реанимация бөлімшесінің меңгерушісі:
-Бөлімше жаңа құрылғылармен жыл санап толығып жатыр. Бұл тұрғындарға сапалы медициналық көмек көрсетуге ықпал етеді.

Облыстық ауруханада санитарлық авиация да жұмыс істейді. Өткен жылы оған 200-ге жуық шақырту қанағаттандырылған. Мұнымен қоса республикалық санитарлық авиация да жерлестерімізге қызмет көрсетеді.

 Олег Завьялов, облыстық аурухананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары:
-Республикалық  санитарлық авиация акушерлік, травматология, педиатрия қызметтеріне бағытталған. 2011 жылы  бұл қызметке 15 азамат жүгінген. 5 солтүстікқазақстандық осы жолмен Астанаға жеткізілді.

Офтальмология бөлімшесінде тұрғындарды 6 дәрігер қабылдайды. Ол 35 орынға шақталған. Өткен жылы бұл жерде  1200 ота жасалыпты.

Жанна Лахтина, облыстық аурухананың офтальмология бөлімшесінің меңгерушісі:
-Суқараңғы індетін дер кезінде анықтау үшін компьютерлік периметр, көз қысымын өлшеуге арналған тонометр бар. Факоэмульсификатор және АБСК құрылғысын сатып алдық.

Сапаргүл Құрақбаева көз алмасының қабынуы салдарынан дәрігерлердің көмегіне жүгініпті. Қызылжар ауданының тұрғыны ем-дом шараларынан кейін біраз жақсарып қалғандығын айтады.

Сапаргүл Құрақбаева:
-Келгеннен кейін жақсы көмек берді. 1 күн болды келгеніме, жақсы қарап жатыр. Келгенім жақсы болды, ем алып. Жабдықтар барлығы жақсы, енді қарап жатыр ғой.

Жалпы өткен жылы облыстық ауруханаға республикалық қазынадан 45 млн теңге бөлініпті. Сондай-ақ жаңа құрылғыларды сатып алу үшін емдеу мекемесі 50 млн теңгеден астам өз қаражатын жұмсапты.

Айдана Демесінова



Бұдан әрі оқыңыз

1-қаңтардан бастап елімізде МӘМС жүйесі енгізіледі
МӘМС жұмысы түсіндірілді
Санитарлық авиацияның жұмысы
Суицидтің алдын алу жайы талқыланды
Қарашаның 21-і – Халықаралық темекіден бас тарту күні
МӘМС механизмі түсіндірілді
Дәріханалардағы қымбатшылықты жою жайы талқыланды
МӘМС жүйесінің жұмыс істеу механизмі түсіндірілді
СҚО-да 2 мың әйел сүт безі обырына шалдыққан
Енді қазақстандықтар дәріханалардағы препараттардың бағасын бақылай алады