Облыс әкімінің Айыртау ауданына жұмыс сапары

Аптадағы маңызды жаңалықтар

15:28 5 Қаңтар 2012

Облыс әкімі Серік Біләлов алдымен Айыртау ауданындағы “Орлиная гора” аңшылар үйінде болды. Былтыр қолданысқа берілген саятшылардың демалыс орнын салуға 30 млн теңге жұмсалыпты. Жаңа нысанда жайлы қонақ үй, монша, дүкен қарастырылған. Әуесқой аңшыларға қару, оқ-дәрі, шаңғы, ат, қар көлігі жалға беріледі. Керек-жарақпен қамтылған қонақтарға 103 Га жерде орналасқан орман шаруашылығында кезігетін елік, түлкі, қарсақ пен қоянға аңшылық жасауға болады. Аймақ басшысы “Омаров” ЖК монша-сауықтыру кешеніне соқты. Өткен жылдың желтоқсан айында құрылысы аяқталған кешенде 50 орынға шақталған монша, сауна, шаштараз жұмыс істейді. Өңір жетекшісі бұл қызметтерді ауылдықтардың қалтасы көтеретініне көз жеткізді. Мұнда билет бағасы 300 теңге. Серік Біләлов сондай-ақ аудан орталығы Саумалкөлде салынып жатқан насос станциясының жұмысымен танысты. 3 сатыдан тұратын құрылыс жобасының екеуі аяқталды. Бүгінде 45 шақырымдық су желісі тартылып, сыйымдылығы 1300 текше метрден 2 таза ауыз су қоймасы орнатылыпты. Әрбірінде  тазартқыш қондырғылар бар. Алайда су әлі жіберілмепті. Биыл соңғы кезектегі сметалық жоба бойынша су таратқыш  құбырларды жаңарту жоспарлануда. Серік Біләлов айыртаулықтармен тілдесіп, алда болатын саяси науқанға қатысты пікірлерін білді. Аймақ басшысы   сайлау учаскілерінің маңызды науқанға дайындығын да байқады.

 Роза Малаева, № 13 сайлау учаскесінің хатшысы:
– Бүгінгі күнге 1167 сайлаушы қатынасатын, қағаздары дайын. Келіп тексереді өздері. Дайындығымыз жақсы.

Өңір жетекшісі жұмыс сапарында Кирилловка орта мектебінің ашылу салтанатына қатысты. 240 орынға шақталған жаңа білім ошағының құрылысына 553 млн теңге жұмсалған.

Серік Біләлов, СҚО әкімі:
– Сіздер үшін жаңа 2012 жыл жақсы жаңалықпен басталып отыр. Баршаңызды бүгінгі білім мекемесінің ашылуымен шын жүректен құттықтаймын. Осы жыл сіздер үшін жағымды жаңалықтарға толы болсын. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев білім жүйесін жетілдіру мәселесіне айрықша көңіл бөлуде. Бүгінгі мектептің ашылуы осының айғағы.

Аймақ басшысы  мекеме ұжымына «Газель» автокөлігінің кілтін табыс етті. Кейін жаңа нысанның таспасын кесіп, ғимаратты аралады. Мектепте оқушыларға сапалы білім беру үшін барлық жағдайлар жасалған. Оқу сыныптары заман талабына сай жабдықталыпты. 2 компьютерлік, 1 мултимедиялық кабинет қарастырылған. Негізгі пәндерді оқытатын сыныптарға интерактивті тақталар қойылған. Салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін дене тәрбиесі залы барлық қажетті спорт жабдықтарымен жарақтандырылыпты. Білім нәрін сусындататын 36 мұғалімнің 23-ші жоғары санаттағы ұстаз. “Дипломмен – ауылға” мемлекеттік бағдарламасының аясында жұмысқа тұрған жас мамандарда бар.

Құралай Кеңес, информатика пәнінің мұғалімі:
Мен педагогикалық колледжді бітіріп қазір дипломмен ауылға бағдарламасымен жұмыс істеудемін. Мен өзімнің туған жерімде қазіргі заман талабына сай білім беріп, оқушыларды жаңа инновациялық  технологияларға үйретуге өз үлесімді қосамын.

Ахын Амалқан, география-жаратылыстану пәнінің мұғалімі:
– Мен осы мектептің түлегімін. Шоқан Уәлиханов университетін бітіріп, осында оралдым, қолдау жасалды,  көтермеақы берілді, тағы үй берілетін болады.

Сондай-ақ білім ордасының жанынан 30 бүлдіршінге арналған шағын орталық құрылды. Балғындар мұнда мектепке дейінгі сапалы білім, саналы тәрбие алатын болады. Бұл қос жағымды жаңалық әсіресе аға буын өкілдерін қуантпай қоймады.

  
Бурабай Жапаров, еңбек ардагері:
– Мынадай мектеп салынды оған бәрімізқуанамыз.  Ескі мектепте бәлен жыл оқыды ғой. Жаңа мектеп немере, шөбере, неменеме жететін болды.

Жама Құсайынов, еңбек ардагері:
– Осы мектептен жақсы түлектер шығып, қай салада жүрсін еңбекпен көркейтсін. Осы мектептен жас балалардың күлкісі кетпесін.

Медициналық кабинет,рухани азыққа бай кітапхана, мен ыстық тамақпен қамтитын асхана да тәрбиеленушілер мен тәлімгерлердің иелігінде.

Жеңіс Ермұқанов

Бұдан әрі оқыңыз

Тұрғындардан мекенжай анықтамасы талап етілмейтін болады
Бұлақ ауылындағы экологиялық жағдай
Өлкеге биыл келген бірқатар ақхалаттыға көтермеақы берілмеген
Көлік салығына қатысты сұрақтар талқыланды
Облыстық әкімдіктің отырысы өтті
Өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың санын азайту керек
“Nur Otan” партиясы фракциясының отырысы өтті
Емдеу мекемелері біріктірілуде
СҚО-да әлеуметтік нан қымбаттамайды
Энергетиктер SMS-хабарлама жүйесін енгізбек
Университеттің статусы өзгерді
Ботаникалық бақ жөнделіп жатыр