Балалар

“Нұр бөбек” – үздік балабақша

 

 

Дана Сарсекеева «Нұр бөбек» балабақшасы ашылғаннан-ақ оның табалдырығын аттап, тәрбиеленушілер қатарына енді. 6 жасар бүлдіршін  мектепке дейінгі білім беру орталығының бетке ұстар шәкірттерінің бірі. Вокал жағынан дарыны ашылған Дана «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» байқауында бас жүлдеге қол жеткізіпті.

  Дана Сарсекеева:
-Мен “Нұр бөбек” балабақшасына барамын. Біз ана жақта ойнаймыз, билейміз, сурет саламыз. Көп достарым бар. Маған ұнайды.

«Нұр бөбек» балабақшасы «Балапан» бағдарламасы аясында 2007 жылы ашылған болатын. Балдырғандар 5 орыс тілінде және 1 қазақ тілінде білім беретін топтарда оқиды. Олар «Алғашқы қадам», «Зерек бала», «Біз мектепке барамыз» және мектепке дейінгі дайындық бағдарламалары бойынша тәрбие алады.

  Алма Қожрақаева, «Нұр бөбек» балабақшасының әдіскері:
– Бізде 22 жоғары білікті маман жұмыс істейді. Балақайлардың қазақ, ағылшын тілдерін меңгеру мүмкіндігі бар. Балдырғандардың мүмкіндігін жан- жақты ашып, мектепке жақсы дайындауға барлық жағдай жасалған
.  

Балабақшаның бой көтеруімен бірқатар жұмыс орны ашылды. Еңбекпен қамтылғандардың бірі – Бақтыгүл Аманғұлова.

Бақтыгүл Аманғұлова , «Нұр бөбек» балабақшасының тәрбиешісі:
– 4 жыл бұрын осы “Нұр бөбек” балабақшамыз да ашылған. Ол мен сияқты тәрбиешілерге көп жұмыс орнын берді және баламыз да осы балабақшаға келіп отыр. Оған ризамыз және рахметімізді білдіргіміз келеді.  

«Нұр бөбек» балабақшасында 150 бала мектепке дейінгі тәрбие алуда. Ашылғанынан аз уақыт өтсе де, мектепке дейінгі білім беру ошағы республикамыздың үздік балабақшаларының қатарына еніп үлгерді.

Айдана Демесінова