ТЖ

Өрт сөндірушілер мен тәртіп сақшылары 2012 жылдың алғашқы күндеріндегі жұмысты қорытындылады

Евгений Журавлев, СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің бас маманы:
– Жаңа жыл мерекесі уақытында өрт сөндіру жағдайлары қарабаласпен өтті. Атап өтетіндей оқиға 31 желтоқсан күні тіркелді. Петропавлға жаңа жылды қарсы алуға бет алған отбасының машинасынан өрт шыққан.
Құтқарушылар дер кезінде жетті, жапа шеккендер жоқ.

Облыс бойынша жаңа жылдың алғашқы күні 6 бірдей өрт оқиғасы тіркелген. Оның 4-уі ауданда болса, 2-уі Петропавлда болған. Ал жаңа жылдың екінші күні орын алған өрттің салдарынан 73 жастағы ер адам қаза болған. 3 қаңтар күні де қайғылы оқиғамен аяқталды.

  Евгений Журавлев, СҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасз қызметінің бас маманы:
Петропавл қаласында шетелдік маркалы автокөлікте от шыққан. Өрт дер кезінде ауыздықталды. Ал Тайынша ауданында орын алған өрттен 1959 жылғы ер адам қаза болған.

Статистика мәліметтеріне жүгінсек, өткен жылы осы уақытта орын алған оқиғалармен салыстырғанда төтенше жағдайлар мен жапа шеккендердің саны жартылай азайған.  
 Мереке күндерінің қорытындысын өңір полицейлері де шығарды. Облыс аумағында 68 қылмыс тіркелген. Оның ішінде біреудің мүлкіне қол сұғу жағдайлары көптеп кездеседі. Ауыр және ерекше ауыр қылмысқа қатысты  4 оқиға орын алып, барлығы ашылды. Сондай-ақ , тұрғындар тарапынан  ішкі істер органдарына 405 қоңырау түскен. Оның бәрі отбасындағы  жанжалдар.  

Әспет Әбдірешова