Спорт

Марафоншылар табысы

 

 

Мұндай марафондарға Әскер Қожановтың қатысып жүргеніне бірнеше жыл болған. 2012 жыл ол үшін сәтті басталды. 2 қаңтарда Астананың «Алатау» спорт кешенінде ұйымдастырылған марафонда 12 сағат ішінде 103 км жүгіріп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Әскер Қожанов, марафоншы:
– Қазақстанның 20 жылдығына арналған  марафон болды. Өзім қуаныштымын бірінші орын алғаныма. Бәріне тілейтінім зор денсаулық. Спортпен айналысыңыздар.

Марафонға қатысушылар арасында София Сұлтанова да бар. 12 сағатта ол 60 км жүгіріп өткен. Осылайша, 50 жастан асқандар арасында 3 орынды иеленген. София Сұлтанова соңғы 10 жылдан бері салауатты өмір салтын сақтап жүр. Осы уақыт аралығында мыңдаған шақырымдарды артқа тастаған. 30 марафон мен 22 жартылай марафонға қатысыпты. Бастысы, жүгіргеннің денсаулық үшін пайдасы зор дейді ол.

  София Сұлтанова, марафоншы:
-Мұндай жарыстардың өткізілгені өте жақсы. Бастысы, спортпен айналысу көтеріңкі көңіл-күй әрі тамаша денсаулық сыйлайды.

Жерлестерімізді қаңтар айында Мәскеуде өтетін кезекті марафон күтіп тұр.

Әспет Әбдірешова