Майдангердің мерейтойы

Қоғам

15:26 4 Қаңтар 2012

Жыл сайын жаңа жылдан соң Бәшіровтер жанұясы отағасының туған күнін атап өтеді. Биыл Әбілмәжін Бәшіров 95 жасқа келіп отыр. 1 ғасырға жуық ғұмыр кешкен қария бүгінгі өміріне дән риза.

Әбілмәжін Бәшіров,  Ұлы Отан соғысының ардагері:
-Жақсылықты да көрдік, жамандықты да көрдік, аштықты да, соғысты да көрдік. Самолеттер ұшып жүреді, бомба тастайды, содан да аман қалдық. Қанша соғыстан өттік аманбыз.

Атақты 314-ші  атқыштар дивизиясының жауынгерін  мерейтойымен қала әкімінің орынбасары, қалалық ардагерлер кеңесінің өкілдері құттықтады. 1946 жылы соғыстан елге аман оралған соң шойын жолда талмай еңбек еткен. Мереке күні туған күн иесін бұрынғы әріптестері де ұмыт қалдырмай, қошеметтерін көрсетті.

Григорий Кухарь, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы:
– Бүгін 314-ші атқыштар дивизиясының көзі тірі жалғыз жауынгерін құттықтауға келіп отырмыз. Әбілмәжін ағамыз осы дивизия құрамында Ленинградты жаудан азат етті. Оған ұзақ ғұмыр тіледік.
 
Қария 4 ұлынан 16 немере сүйген, осы күні немерелерінен тараған   9 шөбересі бар. Жиі ауыратынына қарамастан Әбілмәжін ата әлі тың. Теледидардағы жаңалықтарды немерелері мен балалары көріп, ақсақалға баяндап отырады. Ардагер өз жеңісін сыйлаған елінің бүгінгі жетістіктеріне дән риза.

 
Әбілмәжін Бәшіров, Ұлы Отан соғысының ардагері:
-Қазақстанымыз аман болып, Назарбаевқа да жақсылық, халыққа амандық болсын!

Ардагер Жұмысшы кентінде кіші баласының қолында тұрып жатыр. Келін-баламның күтімі жақсы дейді. Айтатын өкпесі жоқ. Тек денсаулығы жиі сыр беріп тұрады. Бірақ фашистерге тойтарыс берген майдангер  әлі берілмейтінін айтады. Бір ғасыр жасап, тәуелсіз еліміздің табыстарына сүйсіне бермек.

 Гүлмира Шоқтыбаева

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда хакатон өткізілді
Былтырғы жылыту маусымы үшін төлемді қайта есептеу дау тудырды
Бескөлде келіншектері стилист мамандығын меңгеруде
Жыл басынан азық-түлік шамамен 6 пайызға қымбаттаған
Қарияларға арналған экскурсия
Биыл М.Жұмабаев ауданына 60-тан астам отбасы қоныс аударған
Герольд Бельгердің туғанына – 85 жыл
Көктемгі су тасқынына әзірлік
Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне арналып экскурсия ұйымдастырылды
Қариялар ағаш отырғызды
Шаһарда “Эталон меха” жәрмеңкесі өтуде
Ұлттың тірегі де, алтын арқауы да – қазақтың әжелері