Спорт

Асланның кезекті жүлдесі

 

 

 

Спортшы жақында Семей қаласында өткен ел чемпионатынан күміс алқаны еншілеп қайтты. Енді жаңа жарыстарға дайындалып, шаңғымен сырғанау шеберлігін шыңдау үстінде. Аслан ақпан айына жоспарланған халықаралық жарыста да жүлделі орыннан көріну үшін аянбақ емес.

  Аслан Тоқбаев, спорттық бағдарлау бойынша Қазақстан чемпионы:
-Біздің елімізде спорттың дамуы үшін барлық жағдай жасалуда. Халықаралық жарыстарға қатысып, өнер көрсету мүмкіндігіне иеміз. Ал шаңғы және биатлонмен әуестенетін жасөспірімдердің емін-еркін жаттығуы үшін мынадай шаңғы базалары жасалуда.  

Аслан Тоқбаев үшін 7-ші Қысқы Азия ойындары жемісті өтті. Жерлесіміз жарыста жоғары көрсеткішке қол жеткізіп, алтын алқаға ие болды. Спортшы үшін халықаралық сайыстарда ел намысын қорғау өте жауапты міндет дейді ол.

  Аслан Тоқбаев, спорттық бағдарлаудан халықаралық санаттағы спорт шебері:
– Халықаралық жарыстарда жеңіске жетіп, Әнұранымыз шырқалғанда кеудемді мақтаныш сезімі кернейді. Мұны барша спортшылар жақсы біледі деп ойлаймын. Сондықтан алдағы жарыстарға зор жауапкершілікпен дайындалудамын.

Өңірімізде Асланнан үлгі алып, болашақта чемпион атағына ие болуға үмітті жасөспірімдер жетерлік. Оларға жаттығып, шеберліктерін шыңдау үшін барлық жағдай жасалуда.

 – Мен өткен жылы Алматы, Щучинск, Риддер қалаларына жарыстарға бардым. Щучинскіде 3-ші  орынға ие болдым. Маған биатлонмен айналысу өте ұнайды.
– Бұл жерде спортпен шұғылдану үшін барлық жағдай жасалған. Соның арқасында мен әлем чемпионатына қатысып, спорт шебері атағына ие болатыныма сенімдімін.

2011 жыл солтүстікқазақстандық спортшылар үшін жеңіске толы болды. Велосипед спорты бойынша Арман Қамышев пен Никита Умербеков көзге түссе, Жанат Жақиянов кәсіби спортшылар арасында бокстан әлем чемпионы атанды. Жеңіл атлетика бойынша ұйымдастырылған додаларда Маргарита Мацко 3 бірдей алтын алқаны қанжығасына байлады. Ал Александр Поляков СҚО таэквон-додан алғашқы әлем чемпионы атанса, кикбокста Самат Қадырбековтың бағы жанды.

 Александр Васильев, Қазбек Байбұлов атындағы қысқы спорт түрлері бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры:
– Біздің өңірімізде әсіресе, қысқы спорт түрлері бойынша спортшылардың көрсеткіштері жоғары. Креч, Бабенко, Сакирко секілді конькишілерді атап өтуге болады. Болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылар да бар.  

Қазіргі уақытта жерлес спортшылар 30- шы Жазғы Азия ойындарына дайындық үстінде. Оған 9 солтүстікқазақстандық спортшы қатысады жоспарланып отыр.

 Инеш Шоқақова