ТЖ

Құтқарушылар мерекені жұмыс орнында қарсы алады


 

 

Барлық қоңыраулар алдымен   өңір құтқарушыларын байланыстыратын орталық пунктке түседі екен. Кейін диспетчер табиғи және техногендік апат орнына дереу жету үшін өрт сөндіру бөлімшелеріне  хабар береді. Шынар Әбиеваның осы жауапты қызметте жүргеніне 12 жыл.

 Шынар Әбиева, №1 өртке қарсы күрес бөлімінің диспетчері:
– Бізге 101 нөмірі арқылы телефон соғады. Төтенше жағдайдың көлемін, мекен жайын нақты жазып, түскен ақпаратты жылдам қорытып құтқарушыларға хабарлаудың маңызы зор. Жерлестеріміздің денсаулығы мен өміріне қауіп төніп тұрғанда біз қателікке бой алдырмауымыз қажет. Біздің қызмет сәл ауытқуларды кешірмейді.

31 желтоқсан күні жылдың ең соңғы ауысымына Шынар Әбиевамен бірге Гүлжанар Бекішева да шығатын болады. Биыл қос диспетчер  жаңа жылды жұмыс орнында  үшінші жыл қарсы алмақ.

 Шынар Әбиева,  №1 өртке қарсы күрес бөлімінің диспетчері:
– Мереке күндері қоңыраулар көптеп түседі. Кей кездері тіпті өрт сөндірушілер бөлімге келіп үлгермей жатады. Әсіресе жаңа жыл түні телефон босамайды. Көбіне сақтық шаралары еленбей, мерекелік жарылғыш заттар  сәйкесінше пайдаланылмайды, газ үстінде тамақ қалып қояды. Бір қуантатыны біразы қызметімізге алғыс білдіріп,мейраммен құттықтап жатады.  

Өңір тұрғындарының келер ұлу жылын еш алаңсыз қарсы алуын күзететін сақшы қыздар мерекесіз қалмаймыз дейді. Бөлімшеге олар жыл нышаны әсем шыршаны безендіріп орнатпақшы.

 Гүлжанар Бекішева, №1 өртке қарсы күрес бөлімінің радиотелефонисі:
-Биыл мен жолдасыммен балаларымды 30-ы күні құттықтап, сыйлықтарын тарту етемін. Ал 31-ші желтоқсанның таңынан жауапты қызметіме кірісемін.  

 
 Дабыл қағыла қалса, оқиға орнына дереу жетіп апатты ауыздықтауға тілсіз жау күрескерлері қашанда сақадай сай. Жауынгерлік есептегі арнайы техника, заманауи құрылғылармен жабдықталған өрт сақшылары 1 минуттың ішінде бөлімшеден шығып үлгереді екен.  Арал Жолмұқановтың бұл оңай емес қызметте жүргеніне 17 жыл болыпты. Қатардағы өрт сөндірушіден бастаған тәжірибелі маман бүгінде 1-ші өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары. Өз ісінің хас шебері осымен 6-шы рет 12 адамнан құралған қарауылды бастап мерекелік кезекшілікке түсіпті.

 Арал Жолмұқанов, №1 өртке қарсы күрес бөлімі бастығының орынбасары:
-Кезекшілікке түскенде жоғары дайындықта болуымыз қажет. Өйткені әр мейрамның өз қиыншылығы бар. Егер 2011 жылмен салыстырсақ біздің қалада тіркелген өрт саны үшеу болды. Оның біреуіне біздің бөлім бір рет шыққан екен. Енді осы кезекшілік аман сау өтеді деп ойлаймын.  

Жаңажылдық ең бірінші ауысымына түскенде Арал Жолмұқанов  түтінге тұншығып тілсіз жаудың құрбаны болған екі адамның мүрдесін алып шығуға мәжбүр болыпты.

Арал Жолмұқанов, №1 өртке қарсы күрес бөлімі бастығының орынбасары:
-Гагарин көшесінде болды. Әкесі мен баласы қаза тапты. 5 қабатты үйдің 1-ші қабатында болған оқиға.   Т
емекі шегіп, орнында жатып қалады. Облыс тұрғындарын арақтан аулақ болсын деймін Өз қауіпсіздігін бірінші қойып.  

Құтқарушы әрине бүл мерекелі түнде жұмыстарының аз болуын қалайды. Ал  әр адамның сақтығы ең алдымен өз қолында. Қарауыл келер жылды кең дастарқан жайып қарсы алуды жоспарлап отыр.  

 Жеңіс Ермұқанов