Әр түрлі

2012 жылдан не күтеміз?

 

 

 

Өтіп бара жатқан жылды қорытындылап, алдағы күнге жоспар жасау – бұрыннан қалыптасқан дәстүр. Өткен жыл еліміз үшін айтулы оқиғаларға толы болды. Биыл астық мол болды. Ел халқы егемендіктің 20 жылдығын атап өтті.

– Бұл жылғы басты оқиға – ел тәуелсіздігінің тойлануы дер едім. Бастысы еліміз тыныш, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатыр.
– Қаламыздың көрікті жерлерінің қатары көбейіп келеді. Демалыс орындары жылдан-жылға жаңаруда.

Қала тұрғындары 2011 жыл табысты болды дейді. Біреулер жаңа мүлік алып қуанса, биіктерді бағындырып, марапатқа қол жеткізгендердің де қатары қалың. Отау құрып, нәрестелі болған отбасылары да жетерлік.

-Биылғы жылы немеремнің жоғары оқу орнына түсуі біздің отбасымыз үшін маңызды оқиға болды. Алда талай жақсы оқиғалар болады деген үміттемін.
– Биыл 1 тоқсан бойы оқуымды үздік аяқтадым. Сол үшін алдағы күні Аяз атадан компьютер тіледім.

Қоян жылына қош айтып, жаңа ұлу жылын қарсы алғалы отырмыз. Айтқандай, 2012 жыл кібісе жыл болғалы отыр. Кейбіреулер мұндай жылдан  сәтсіздіктер  күтеді. Алайда статистика басқармасының мамандары мұнымен келіспейді. Олар соңғы 15 жыл ішіндегі оқиғаларды сараптап көріпті.

Саида Абдулхаимова, әлеуметтік-демографиялық статистика басқармасының бастығы:
– Біздің сараптамамыз бойынша кібісе жылдың айтырлықтай кері әсері жоқ. Орташа есеп бойынша салыстыра келе, ешқандай заңдылықты байқамадық. Сол себепті қорқудың қажеті жоқ. Алдағы күнге тек   үмітпен қарау керек.

Солтүстікқазақстандықтар да бұл пікірмен толық келіседі.

 -Бұл пікірмен мен келіспеймін. Бар ерекшелігі 1 күннің артық болуында
-Майя күнтізбесінің болжамдары келмесе екен деп тілеймін.

Әлемнің ең белгілі деген көріпкелдері 2012 жылы ақыр заман болады деген Майя күнтізбесінің болжауын теріске шығарып отыр. Иә, аталған күнтізбе 2012 жылы таусылады, бірақ біздің өмір жалғаса бермек, ал оның нұрлы болуы  өзіміздің қолымызда.